Газет туралы

«Мұнайлы мекен» газеті – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның  корпоративтік басылымы. Компанияның Маңғыстау, Атырау, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында еңбек етіп жатқан 26 мыңға жуық қызметкерлеріне таратылады.

 

Газет 2005 жылдың 29 желтоқсанынан шыға бастады.Осы уақыт бойы газет А3 форматында қағаз түрінде  жарыққа шықты. Алайда, уақыт бір орында тұрмайды, Интернет және мобильді технология біздің де өмірімізге енді, айналамыздағы ақпараттық әлемді айтарлықтай өзгертті.

 

Оқырман аудиториясының ақпаратты жедел алу сұранысының артуына орай, сондай-ақ біздің өндірістік активтеріміздің арақашықтығының шалғай орналасуына байланысты біз газеттің онлайн нұсқасына көшуді ұйғардық. Дегенмен, газеттің қағаз басылымдық нұсқасы да сақталады және бұрынғысынша «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Қазгермұнай» БК» ЖШС, «ПетроҚазақстан Инк.» АҚ және ҚМГ БӨ басқа да еншілес және бірлескен компанияларының қызметкерлері үшін өндіріске жеткізілетін болады.

 

Қымбатты оқырмандар!

 

Сіздер біздің сайттың тұрақты оқырманы болып, жаңалықтарды дер кезінде оқып, пікірлеріңізді білдіріп, сондай-ақ өздеріңізді қызықтырған сұрақтарды да жазып отырады деген үміттеміз.

 

Сайтқа қош келдіңіздер!

 

Құрметпен, 

Газет редакциясы

 

 

верх