Қаражанбаста «Үздік маман-2016» байқауы жалғасуда

30.05.2016
467
Өндіріс
Қаражанбаста «Үздік маман-2016» байқауы жалғасуда
Қаражанбас кен орнында «Үздік маман – 2016» кәсіби шеберлік байқауы жалғасуда.
Байқаудың бірінші – теориялық бөлімінде сайыскерлер қауіпсіздік техникасы, өндірістік нұсқаулар бойынша білім деңгейлерін анықтайтын тест тапсырмаларын орындаған болатын.
Енді байқаудың практикалық бөлімі басталып, қатысушылар қазылардың алдында өздерінің кәсіби шеберліктері мен машықтарын паш етуде.
4 мамыр күні басталған шеберлік сайысы 10 маусымға дейін жалғасады.