Құлақтандыру! Кері байланыстың жаңа арналары ашылды

11.07.2017
710
Тапсырыс үстелі
Құлақтандыру! Кері байланыстың жаңа арналары ашылды
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ компаниялар тобында әлеуметтік хал-ахуалға мониторинг жасау мақсатында кері байланыс жүйесі өз жұмысын бастағанын хабарлаймыз. Қызметкерлер өздерін толғандырған мәселелер бойынша орталық аппараттың атына:
– WhatsApp арқылы, +7 700 700 29 99 телефон нөмеріне мәтіндік, аудио немесе бейне сауал және шағымдарын қалдыра алады;
– social@kmgep.kz электрондық поштасына да хат жолдай алады.
Келіп түскен барлық сауалдарды ҚМГ БӨ орталық аппаратының тиісті қызметкерлері қарап, жауап беретін болады. Кері байланыс қызметін пайдаланыңыз!