Құрметті демалысқа шығу – өзекті сұрақтар

Құрметті демалысқа шығу – өзекті сұрақтар
01.01.2016
4023
Тапсырыс үстелі

Құрметті демалысқа шығу – өзекті сұрақтар

Жыл басынан бері ҚМГ БӨ еншілес компаниялары 250-ден астам қызметкерлерін құрметті зейнеткерлік демалысқа шығарып салды. Олар өздерінің ұзақ жылғы қажырлы еңбектерімен «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ және басқа да компаниялардың дамуына зор үлестерін қосты. Зейнеткерлік демалысқа шығарып салу рәсімі жалғасын табуда. Өздеріңізге белгілі, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа ҚР Еңбек кодексі қолданысқа енгізілді. Бұл орайда осы мәселеге орай Қызметкерлерді басқару және еңбек ақы төлеу департаментіне Компания қызметкерлері тарапынан көптеген сұрақтар қойылып жатады. Төменде жиі қойылатын осындай сұрақтар мен оларға берілген жауаптарды жариялап отырмыз.

– Мен зейнеткерлік демалысқа шығамын, маған қандай төлемақы беріледі?

– Егер Сіз зейнеткерлік жасына жеткен сәттен-ақ (әйелдер 58 жастан, ер адамдар 63 жастан) 2016 жылы құрметті демалысқа шықсаңыз, онда мұнай-газ кешеніндегі еңбек өтіліңізге қарай біржолғы төлемақы аласыз, егер бұл туралы Сіз еңбек еткен кәсіпорынның қолданыстағы ұжымдық шартында қарастырылған болса. Алайда, егер Сіз бұрын зейнеткерлік жасқа жетсеңіз де еңбек қатынастарын жалғастырсаңыз және кезеңде зейнеткерлікке шығуыңызға орай Ұжымдық шартта айқындалған жоғарыда аталған төлемақыны алу мүмкіндігін пайдаланбасаңыз, онда төлемақы мөлшері Қазақстан Республикасы заңнамасымент белгіленгендей, ең төменгі бірайлық жалақыға сәйкес болады.

– Компания мені зейнеткерлік демалысқа шыққан соң, ұжымдық шарт бойынша жекелеген жеңілдіктерді алатын жұмыс істемейтін зейнеткерлер тізіміне қоса ала ма?

– Мұнда да алдыңғы сұрақтағы секілді жағдай, егер де сіз зейнеткерлік жасына жетіп, бұл мерзімнен соң жұмыс берушімен еңбек қатынастарын жалғастырмасаңыз, онда сіз жұмыс істемейтін зейнеткерлерге қатысты қарастырылған жеңілдік пен материалдық көмекті алу үшін жұмыс істемейтін зейнеткерлер тізіміне енгізілетін боласыз. Алайда, егерсіз зейнеткерлік жасына жеткен соң  да еңбек қатынастарын жалғастырған болсаңыз, онда мұндай тізімге ену мүмкіндігінен бірден айырыласыз, өйткені, бұл қолданыстағы ұжымдық шартта қарастырылған.

– Мен зейнеткерлік демалысқа шығамын, алайда өзімнің орныма менің отбасымнан адамды/жақын туысымды жұмысқа алуын қалар едім.

– Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының түсініктемесі бойынша, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 23 бабының 1-тармағына сәйкес жұмыс берушінің жұмысқа қабылдауда таңдау еркіндігіне құқығы бар. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабының 2 тармағына сәйкестегіне, әлеуметтік, лауазымдықжәнемүліктікжағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінгекөзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 6-бабының 1-2 тармақтарына сәйкес әркімнің еңбек саласындағы өзқұқықтарын іске асыруға тең құқықтары бар.

Бұл орайда жекелеген адамдарға туысқандық байланыстарына бола жұмысқа орналасу дақандай да бір басымдылық беру немесе жеке жағдайларда тек туысқандық байланысы бойынша жұмысқа қабылдау Конституция және Еңбек кодексі талаптарын, сондай-ақ компанияның еншілес кәсіп орындарына жұмысқа орналасуға ниетті басқа адамдардың құқығын бұзады.

Менің әлі де көп күш-жігерім бар, компанияға пайдам тиеді. Зейнеткерлік жасқа жеткен соң да неге қалып жұмыс істей беруіме болмайды?

– Біз сіздің компанияда ұзақ жылдар бойы атқарған қажырлы еңбегіңізге құрметпен қараймыз, ризашылығымызды білдіреміз. ҚР еңбек кодексінде зейнет жасына жеткен қызметкердің жұмыс берушімен еңбек қатынастарын жалғастыру құқығы туралы қаралған. Мұнай саласындағы жұмыс ауыр және зиянды еңбекке жатады, соған орай оған 1,8 салалық коэффициент қолданылады.Заңның жаңа редакциясында зейнет жасына жеткен адамдардың еңбегін ауыр және зиянды еңбек жағдайына пайдалануға тыйым салынатыны жазылған, сондықтан да компания сізбен еңбек қатынасын жалғастыра алмайды, бұл заңнаманы бұзу болып табылады.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх