Қызметкерлер марапатталды

30.05.2016
595
Қызметкерлер
Қызметкерлер марапатталды
11 мамыр күні, Компанияның кеңсесінде, мұнай-газ саласы қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы Сұлтан Қалиев «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның еңбегі сіңген қызметкерлерін марапаттады.
Ұзақ жылғы табысты еңбектері үшін геология бөлімінің бастығы Әния Қарамұрзиева «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісімен, №1 Мұнай-газ өндіру цехының аға инженері Сағынбай Тоқсанбаев «Еңбек ардагері» медалімен, сондай-ақ, «ҚБМ» АҚ Кәсіподақ төрағасы Төремұрат Көбен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Естелік белгісіне ие болды. Марапаттарыңыз құтты болсын, еңбектеріңіз жана берсін!