Парламент депутаттары Қаражанбаста болды

30.05.2016
346
Жаңалықтар
Парламент депутаттары Қаражанбаста болды
Республикалық «Мәңгілік ел» патриоттық акциясы аясында Маңғыстаудан сайланған ҚР Парламентінің депутаттары Бақтыбай Шелпеков пен Тарас Хитуов Қаражанбас кен орнында болды.
Сапар барысында халық қалаулылары өндіріс және цех басшыларымен, Кәсіподақтың цех комитетінің төрағаларымен кездесті. Кездесу барысында ҚР Жер кодексіне енгізілген өзгертулер, Маңғыстау облысындағы автомобиль жолдары құрылысы проблемалары және т.б. мәселелер сөз болды.