Оқушылар өндіріс жаңалығымен танысты

Оқушылар өндіріс жаңалығымен танысты
30.05.2016
547
Трансформация

Оқушылар өндіріс жаңалығымен танысты

Атырау қаласындағы дарынды балаларға арналған Қазақ-түрік лицейінің оқушылары «Ембімұнайгаз» АҚ орталық кеңсесінде болып, «Интеллектуалды кен алаңы» жобасымен танысты. Экскурсияның мақсаты – Компанияға қарасты «Қайнармұнайгаз» МГӨБ Уаз кен алаңында іске қосылған «Интеллектуалды кен алаңы» жобасының негізгі тетігі – «Өндірістік процесті бақылау орталығымен» жан-жақты танысу. Лицей оқушылары өндіріске енгізіліп жатқан жаңа технологиялар жөнінде тереңірек мағлұмат алды.

Интеллектуалды кен алаңының тиімділігі, оның өнім өндіру көлемін көбейтіп, шығындарды азайтуға мүмкіндік беретіндігінде. Өндіріске енгізіліп жатқан бұл жаңалықтың өнімділігі төмен, мұнай ағыны тұрақсыз және сулану деңгейі жоғары болып келетін Ембі кеніштері үшін тиімділігі басым.
– Компания мұнай-газ саласының мамандарын дайындауға үлкен мән береді. Осы орайда студенттер арасында дуалдық оқыту мен стипендия төлеу бағдарламалары іске қосылды. ЕМГ кен алаңдарында іске қосылып жатқан жобаларға қатысты өндірісті білімді жастармен толықтыру өзекті мәселе. Осыған орай Компаниядағы оң өзгерістерді және мұнайшылық мамандықты кеңінен насихаттау мақсатында мектеп оқушыларына арналған экскурсия ұйымдастырылып отыр, – деді өндірісті автоматтандыру және ақпараттық технология департаментінің директоры Болат Нсанбаев.
Өндірістік процессті бақылау орталығында оқушыларға интеллектуалды Уаз кен алаңы жөнінде кеңінен ақпарат берілді. Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сауалдарға тұщымды жауаптарын да алды.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх