Еңбек қауіпсіздігі бірінші орында!

Еңбек қауіпсіздігі бірінші орында!
30.05.2016
481
Еңбекті қорғау

Еңбек қауіпсіздігі бірінші орында!

«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы соңғы жылдары басқармалардағы еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігін күшейту мәселесіне баса назар аударып отыр. Компанияның еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы саясатына сәйкес негізгі басым бағыт жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын өндірістегі технологиялық процестердің зиянды әсерінен қорғау болып табылады.

Қазіргі таңда «Өзенэнергомұнай» басқармасының №1,2,3 өндірістік энергетикалық қызмет және қосалқы қызмет станциясы нысандарында еңбекті, қоршаған ортаны қорғау мен қауіпсіздік техникалық жағдайынан және өрт қауіпсіздігі бойынша тексерулер жүргізілуде.
Тұрақты әрекеттегі комиссияның тексеру қорытындысымен ескерту акті толтырылып оның уақытында орындалуы бақылауға алынады. Бүгінгі күні, жұмыскерлер 100 пайызға арнайы киіммен қамтамасыз етілген. Басқарманың барлық жұмыскерлерінің жыл сайынғы медициналық байқаудан өткізілгенін жіті назарда ұстаймыз.    
Басқарманың барша жұмыскерлері жұмыс жағдайының зияндылық көрсеткішінің әр түрлілігіне орай жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілді. Атап айтатын болсақ, оларға дәрігерлік қобдиша, гигиеналық және жеке басын қорғау құрал-саймандарымен, сондай-ақ, электр тогынан қорғану мүліктері берілді.    
Жұмыскерлерге арнайы киім-кешек, етік, арнайы аяқ киім т.б.қорғаныс мүліктерімен қамту мәселесіне сәйкес: жоспар бойынша арнайы қаражат бөлінді. Тікелей біздің ықпалымызбен, мамандықтары қауіпті болып есептелетін 475 қызметкер өткен жылы қауіпсіздік құрал-жабдықтарымен қамтылды. 83 дана монтаждық және қорғаныш белбеулері сынақтан өткізілді. Апаттың алдын алу мақсатында 60 дана өртсөндіргіштер ұнтақтан толтырылды. Жұмыскерлердің 4260 кг салмақты құрайтын арнайы киімдері жудырылды. Сонымен қатар, өткен жылы жұмыскерлерге 857 дана жазғы арнайы киім, 373 дана қысқы киім, 425 қысқы бас киім үлестірілді. Біздің міндетіміз – кәсіпорындағы қызметкерлердің жарақаттану мен жазатайым оқиғалар көрсеткіштерін азайту, апаттық жағдайлар тәуекелін төмендету, еңбек өнімділігін барынша арттыру болып табылады.

Нұрлан Бекжанов, 
«Өзенмұнайгаз» АҚ, «Өзенэнергомұнай» басқармасы, Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы инженері

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх