Өз өміріңізге жоғары жауапкершілікпен қараңыз!

Өз өміріңізге жоғары жауапкершілікпен қараңыз!
30.05.2016
552
Еңбекті қорғау

Өз өміріңізге жоғары жауапкершілікпен қараңыз!

«Өзенмұнайгаз» АҚ Сапа қызметінің инженері Қарлығаш Аманшиеваның «Өзенмұнайгаз» АҚ қызметкерлеріне арналған жеке практикалық оқу құралынан кеңестерді жариялауды одан әрі жалғастырып отырмыз.   

Энергетикалық жабдықтарды пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаңыз.  
Өкінішке орай, электрқуатының қауіп-қатерін көзбен көріп, құлақпен естуге немесе денемен сезінуге болмайды. Алайда, электроқуатының адам өміріне қауіп төндіретінін ешкім де жоққа шығара алмайды.
Сондықтан да, барлық электрлік жалғануларды арнайы оқудан өткен мамандар, яғни білікті электриктер орындауы тиіс. Егер электрик болмасаңыз, өзімбілемдікке салынып, сақтандырғыштарды, ажыратқыштарды, құрылғыларды өзіңіз қосып, өміріңізге қауіп төндірмеңіз. Электр жабдықтарын өздігіңізбен ашпаңыз және ұстамаңыз, міндетті түрде маманға хабарласыңыз. Кез келген жабдықтардың істен шығуын өз басшыңызға хабарлаңыз. Электрик-мамандар жұмыс барысында, еңбек қауіпсіздігін сақтау мақсатында, төмендегі ережелерге мойынұсынғаны жөн.

1. Ақауы бар аспаптарды пайдаланудан бас тартыңыз.
2. Сымдарды розеткаға сіріңкемен бекітпеңіз.
3. Өзіңіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету мақсатында, диэлектрлік қолғап пен резеңке етік киіңіз.
4. Электрлік қондырғыларынан кенеттен жоқ болып кеткен кернеу еш ескертусіз қайтадан берілуі мүмкін екенін есте сақтағаныңыз жөн.

Электрлік құрал-саймандарын пайдалану ережелері:

Электр құрал-саймандарымен жұмыс жасауға арнайы оқу курсын бітірген 18 жастан жоғары қызметкерлерге рұқсат беріледі.

1. Жұмыс небәрі 1 минутқа созылса да, әрдайым қорғану құралдарын киіп жүріңіз.
2. Электрлік құрал-саймандарды кез келген жерге қараусыз тастап кетуге немесе бөгде адамдарға беруге болмайды.
3. Кез келген электр құралымен жауын-шашынның астында немесе ылғалдылығы жоғары ауа-райында жұмыс жасауға қатаң тыйым салынады.
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх