«Мұнай тамшылары» құрама командасы жеңімпаз!

30.05.2016
354
Жастар
«Мұнай тамшылары» құрама командасы жеңімпаз!
Ақтау қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және кәсіподақтар күніне орайластырып «Маңғыстау облыстық кәсіподақтар орталығының» ұйымдастыруымен елімізде тұңғыш рет жұмысшы жастар арасында өткен «Жайдарман» ойыны жоғары деңгейде өтті! «Өзенмұнайгаз» АҚ «Мұнай тамшылары» құрама командасы 1-орынға ие болды! Құтты болсын!
Жүлделі 2-орын «Қаражанбасмұнай» АҚ мен 3-орын алған «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ командаларын құттықтаймыз! Жастар Компания басшылығы мен кәсіподақ ұйымына ерекше алғыстарын білдіреді. «Мұнай тамшылары» алға!