Исатай тағы да жеңді!

Исатай тағы да жеңді!
30.05.2016
1483
Әлеумет

Исатай тағы да жеңді!

«Күш атасын танымас» дегендей ембілік Исатай Теміров бұл жолы да қайрат танытып, жеңіске жетті. 14-мамыр күні Атырауда «Ембімұнайгаз» АҚ-ның бас демеушілік етуімен аралас жекпе-жектен өткен турнирге Иран, Тәжікстан, Ресей және Қазақстан елдерінің 16 спортшысы қатысқан болатын. Турнирдің шымылдығын түрген брифингке ЕМГ бас директорының өндірісті келешекте дамыту жөніндегі орынбасары Дінмұхамед Шәріпбаев, ММА аралас күрес  Республикалық федерациясының президенті Анатолий Ким, Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы  Азамат  Бекет,  Атырау облыстық ММА федерациясының президенті Арман Кенжеғараұлы және басқалар қатысты. 
– «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамы болып қайта құрылған 2012 жылдан бері компания қалалық, облыстық, республикалық деңгейде ұйымдастырылған спорт шараларына үнемі демеушілік көрсетіп келеді. Олардың арасында: «Атырау» кәсіпқой волейбол командасы, «Атырау облыстық бокс Федерациясы», «Грек-рим, еркін және әйелдер күресі Федерациясы», «Әскери күрес Ассоциациясы», «Спешиал Олимпикс» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы және басқа  да қоғамдық бірлестіктер бар. Әлемдік мұнай бағасының төмендеуіне орай болып жатқан қаржылық қиындықтарға қарамастан Компания биыл да бұқаралық спорттың дамуына демеушілік көрсетуді жалғастырып отыр. Соның бір дәлелі, осы аталған халықаралық турнир. Компания спорттың дамуына демеушілік көрсету арқылы жұртшылық арасында, соның ішінде жастар арасында салауатты өмір салтының қалыптасыуына үлкен үлес қосуда, – деп атап өтті Д.Шәріпбаев өз сөзінде. 
Турнир барысында 8 жекпе-жек болды. Олардың ішінде ирандық Хади Джалили мен атыраулық Фарид Имьяминов арасында болған күрес өте тартымды өтті. Ауыр салмақтылар арасындағы (93 кг.дейін) ресейлік Болат Кулшатыров пен актөбелік Евгений Макашенцов арасындағы кездесу де әсерлі болды. Өте қысқа кездесу – ирандық Фатеми Юнес пен атыраулық Исатай Теміров арасындағы басты кездесу болды. Күрес басталысымен ирандық спортшы Теміровты алып жықты, алайда ойланбаған қимылымен қарсыласының қатты қарсылығына тап болды. Ембілік жігіт «үштік» деп аталатын қылғындыру әдісімен ирандық қарсыласының қимылдауына мүмкіндік бермеді. ЕМГ-нің мердігер компаниясының қызметкері Исатай Теміров турнирдің жеңімпазы атанды.
Исатай Теміров – жекпе-жек және панкратион түрлері бойынша спорт шебері,  2013 жылдың қорытындысы бойынша ММА Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері.  Исатай мектепте оқыған кезінде бокспен шұғылданыпты, одан кейін әуесқой жекпе-жекпен әуестенген. Орал қаласында  аралас күрес бойынша және «Битва номадов-3» халықаралық кәсіпқой сайыс бойынша  өткен Қазақстан чемпионатында  Исатай қарсыласы – ресейлік спортшыны нокаутқа жіберген болатын. Исатайдың жаттықтырушысы – джиу-джитсу және самбо күресі бойынша халықаралық деңгейдегі спорт  шебері  Бауыржан Берғали. Мықты бапкердің шәкірті де осал болмайды.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх