Еңбекте де, спортта да бірге

Еңбекте де, спортта да бірге
«Доссормұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасына қарасты цехтар мен бөлімшелері арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап спорттың екі түрінен бильярд (ерлер) және үстел теннисінен (ерлер мен қыз-келіншектер) жарыс өткізді. Сайыс Шығыс Мақат мұнай-газ өндіру цехының жаңадан бой көтерген жатақханасының бильярд және үстел теннисі спорт залдарында өткізілді. Басқарма бойынша 15 команда құралып, 56 мұнайшы-спортшы қатысқан сайыс қызықты әрі тартысты өтті. Жарыстың ашылу салтанатына басқарма бас инженері Мәлік Жылқышиев қатысушыларға сәт-сапар тілесе, Мақат аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің меңгерушісі Ерғожиев Әділбек «Доссормұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы мұнайшылары аудан спортының дамуына елеулі үлес қосып келе жатқанын айтты.
Бильярд ойынында I-орынды Шығыс Мақат мұнай-газ өндіру цехының операторы Ескариев Самат жеңімпаз атанып, екінші және үшінші орындарды Мусин Марат пен Еркешов Бауыржан иеленсе, «Жеңіске деген жігерлігі» үшін номинациясын №4 Доссор МӨЦ трактор жүргізушісі Көпкенов Рамазан ұтып алды.Үстел теннисінен қыз-келіншектер арасынан I-орынды Шығыс Мақат қызметкері Орынтаева Света иеленсе, II-орынды Мақат мұнай дайындау және айдау цехының лаборанты Саркитова Марал иеленді, ал, III-орынды Ботахан МӨЦ механигі Нұрқасымова Бақтыгүл жеңіп алды.
Үстел теннисінен ерлер арасынан Ботахан көлік керуенінің жеңіл және жүк тасымал автокөлік жүргізушісі Галиев Мейрам жеңімпаз атанса, жүлделі II-орынды Ш.Мақат мұнай газ өндіру цехының жөндеушісі Уразбаев Аманкелді, III-орынды Ботахан МӨЦ операторы Өтеуов Серік иеленді. Жеңімпаздар кәсіподақ комитеті атынан диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Қанат Сақупов, «Доссормұнайгаз» МГӨБ
кәсіподақ комитетінің спорттық шаралар жөніндегі маманы