Еңбек ұжымдарымен кездесті

Еңбек ұжымдарымен кездесті
30.05.2016
373
Трансформация

Еңбек ұжымдарымен кездесті

«Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Д.Хасанов №3 блок жобасы бойынша еңбек ұжымдарымен, атап айтқанда, №1 Мұнай газ өндіру басқармасынан №3 Мұнай газ өндіру басқармасының №1 Мұнай газ өндіру цехының құрамына өткен ПС-4, № 60, 8, 1 ТҚ, КНС-2в ұжымының жұмыскерлерімен кездесті.
Жиынға «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Е.Өтеев, №1 МГӨБ директоры Ж.Саймағанбетов, басқарманың кәсіподақ төрағасы И.Сатыбаев, №3 МГӨБ директоры Ж.Сүлейменов, басқарманың кәсіподақ төрағасы Валерий Қаржаубаев, Нормалау және еңбекақы төлеу департаментінің директоры Ғ.Оспанов, Жобаларды басқару департаментінің директоры Н.Ділмағанбет, Персоналды басқару және дамыту департаментінің директоры Е.Сәрсенов қатысты.
«№3 блок жобасы тікелей «ҚМГ»ҰК» АҚ және «ҚМГ»БӨ» АҚ жетекшілерінің бастамасымен іске асуда. Жобаны іске асырудағы мақсат – өндірісті модернизациялау және осы арқылы өндірісті тиімді игеру мен мұнайды мол өндіру. 
«КазНИПИмұнайгаз» АҚ-ы секілді ғылыми институттар тек қана жоба бойынша кеңес беру, оған ғылыми сүйемелдеумен айналысады. Меншік «Өзенмұнайгаздың» тікелей өзінде болады және №3 Мұнай газ өндіру басқармасы қарауында жұмыс істейді. Осыған дейін ПС-4, №60,8,1 ТҚ, КНС-2в ұжымы №1 Мұнай газ өндіру басқармасының құрамында болса, енді ол №3 Мұнай газ өндіру басқармасының құрамына өтеді. Жалақы, әлеуметтік пакет, басқа да жұмыскердің тікелей өзіне қатысты дүниелері ешбір өзгеріссіз қалады», – деді еңбек ұжымдарымен кездескен Д.Хасанов.
Сонымен бірге, кездесу барысында өндірісті техникамен қамту, кадр мәселе мен өзге де сұрақтар жөнінде пікір алмасу жүрді.

Сондай-ақ, Д.Хасанов №1 Мұнай газ өндіру басқармасының еңбек ұжымымен де кездесті. Кездесуге «Өзенмұнайгаз» АҚ Басқарма мүшелері, департамент директорлары, №1 МГӨБ еңбек ұжымы қатысты.
Еңбек ұжымы жиналыс барысында ағымдағы өндірістік, әлеуметтік, кадр мәселелеріне байланысты сұрақтарды қойды, жауаптарға қанықты, сонымен бірге, кейбір мәселелер бойынша пікір алмасты. Cондай-ақ, еңбек ұжымына №3 блок жобасы бойынша кең таратылып айтылды, аталған жобаның құрылымы мен өндірістік тиімділігі жөнінде ақпарат берілді.
«Алдымызда шешілуі тиіс қаншама ірі-ірі мәселелер бар. Біз бұл проблеманың барлығын бірге шешуіміз керек. Өндірісті маманмен қамту, әлеуметтік саланы алға жылжыту, өзге де мәселелерге байланысты ашықтық ұстанымында жұмыс істейміз. Біз коммуникациялық құралдардың барлығын қолдана отырып, Компанияның тұтас тыныс-тіршілігінен мұнайшыларды ақпараттандырып отырамыз», – деді кездесуде бас директор Д.Хасанов.

«Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Д.Хасанов №3 Мұнай газ өндіру басқармасының еңбек ұжымымен де кездесті. Жүздесуде мұнайшылар өндірістік және әлеуметтік сала бойынша өзара пікір алмасты, сұрақтар қойды. Сонымен бірге, осыған дейін басталған ірі стратегиялық жобалардың қазіргі жай-күйі жөнінде сұралды. 
«Кендірлі су тұщыту зауытын және энергогенерациялық станцияның құрылысын салу жөніндегі екі ірі инвестициялық жоба «ҚМГ»ҰК АҚ тарапынан қолдау тауып, концепциясы қабылдануда. Аталған жобалар өндіріске ғана емес, Жаңаөзен қаласының дамуына серпін береді деп ойлаймын», – деді Д.Хасанов.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх