ҚМГ БӨ бас директоры Құрманғазы Есқазиев: «Жұмыс тиімділігін жақсартудың төте жолы – ұжымның бірлігінде»

ҚМГ БӨ бас директоры Құрманғазы Есқазиев: «Жұмыс тиімділігін жақсартудың төте жолы – ұжымның бірлігінде»
05.02.2016
637
Трансформация

ҚМГ БӨ бас директоры Құрманғазы Есқазиев: «Жұмыс тиімділігін жақсартудың төте жолы – ұжымның бірлігінде»

– Құрманғазы Орынғазыұлы, мұнайгаз саласы күрделі кезеңді бастан өткеріп отыр. Мұнай бағасы құлдырап төмен түсуде, компаниялар шығыстарын қысқартуға мәжбүр. 2016 жылға қандай өндірістік міндеттерді алға қойып отырсыз? 

– Біз негізгі 100%-дық активтеріміз «Өзенмұнайгаз» АҚ және «Ембімұнайгаз» АҚ 2016 жылы жалпы өндіру көлемі 1%-ға өседі және 8,4 млн. тоннаны құрайды деп жоспарлап отырмыз, бұл негізінен ауыспалы ұңғылар қорының тиімді өндіруі есебінен. Биылғы жылы бізге өте күрделі экономикалық жағдайда жұмыс істеуге тура келеді, алайда, біз өз күш-жігерімізге сенеміз. Ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін өндірістік шығыстарды оңтайландыруға және өндіру тиімділігін арттыруға тырысамыз.  

– 2016 жылы қандай қаржылық нәтижелерге қол жеткізуді  көздеп отырсыздар?

– Ағымдағы нарықтағы жағдайды және біздің болжамдарымызды ескере отырып, 2016 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі аралықта ҚМГ БӨ операциялық қызметінің нәтижесі теріс сипатта болады деп күтілуде. Мұнайға бағаның төмен жағдайында біздің негізгі өндірістік активтерімізге тиімділікті ұстап тұру ауыр тиеді. Біз ҚР Үкіметіне ӨМГ және ЕМГ кен орындары үшін пайдалы қазбаларды өндіруге салық ставкасының коэффициентін төмендету туралы өтініш беруді жоспарлап отырмыз, сондай-ақ мұнай бағасына экспорттық кедендік салық ставкасына қатысты келіссөздер жүргізудеміз, бұл біздің кәсіпорындардың қаржылық көрсеткішін жақсартуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, біздің барлық кәсіпорындар өндіріске жаңа технологияларды енгізу, бұрғылау, ұңғыларды жөндеу сапасын жақсарту, түпкі нәтижесінде, геологиялық-техникалық шаралардың тиімділігі сапасын жақсарту жұмыстарын жүргізетін болады.

– Дағдарыс жағдайында Сіздің келешек даму бағдарламыңыздың жайы қалай болмақ?

– Дәл дағдарыс кезінде компания бұл жұмыстарды істей алады, шығыстарды оңтайландыратын, еңбек өнімділігін арттыратын осындай жобаларды енгізіп, жұмылуға тиіс. Бұл мұнайға бағаның төмен жағдайында ғана маңызды емес, біздің кен орындардың кемелді шағынан өтіп, айтарлықтай көнергенін де ескеру керек. Мойындауымыз керек, біздің компаниялар тобында өндіру, жөндеу және материалдық-техникалық қамтамасыз ету процестерінің тиімділігі жеткілікті деңгейде болған жоқ. Сондықтанда өткен жылы «Ембімұнайгаз» АҚ-да үш пилоттық жоба іске қосылды: бұл Уаз кен орнында интеллектуалды скважинаның енгізілуі, материалдық-техникалық қамтамасыз ету процестерін оңтайландыру және скважиналарды жөндеу процестерін оңтайландыру. Бүгінгі күні алғашқы нәтижелер бар, сондықтанда біз бұл жобаларды басқа кен орындарына және еншілес ұйымдарға таратуды жоспарлап отырмыз. 

– Қандай нақты нәтижелерге қол жеткізе алдыңыздар? 

– МТҚ процестерін оңтайландыру жобасы бойынша үнемдеу 2015 жылы 1,3 миллиард теңгені құрады, 2017 жылдың соңына дейін жалпы тиімділік 3 миллиард теңгеге жуық қаржыны құрауы тиіс, яғни, шығыстарды  60%-ға төмендетуге мүмкіндік береді. Интеллектуалды кен орындары бойынша болжамдар бар, Уаз кен орнында қосымша өндіру 3%-ға жуықтайды, скважиналардың жұмысын қалпына келтіру уақыты 15-20%-ға азаяды, жерасты жабдықтарын пайдаланудың баяу тәртібі жөндеу жұмыстарының санын азайтуға мүмкіндік береді, ең пессимистік болжамдар бойынша жылына 20-дан 15-ке дейін. 

– Компаниядағы күрделі қаржылық жағдайдың мұнайшылардың әлеуметттік әл-ауқатына әсері қандай болмақ? Көптеген ірі әлемдік мұнай өндіру компаниялары өз кәсіпорындарындағы жаппай қысқартулар туралы жариялады. 

– Біздің компания алдында адамдарды жұмыстан қысқарту және олардың жағдайын төмендету туралы міндет тұрған жоқ. Шын мәнінде, қалыптасып отырған жағдай сөз жоқ, күрделі. Мұны мұнайшылар ғана емес, Қазақстанның барлық азаматтары да сезініп отыр.  Ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың біздің бәрімізді осы экономикалық күрделі кезеңде ынтымақтастықта жұмылып, дағдарысты бірлесе еңсеруге шақырып отырғаны кездейсоқтық емес. Жұмысқа жауапкершілігіміз бен жігерімізді еселеп, орнымызды сақтауға, кәсіби біліктілігімізді барынша тиімді жұмсауға тырысуымыз керек. Әрқайсымыз өз учаскемізде табысты еңбек етуге тиіспіз. Барлық жұмыскерлерге қойылатын жалғыз ғана талап – еңбек және технологиялық тәртіпті мүлтіксіз сақтау! Бұл ең бастысы, өндірісте жүргенде компанияның әрбір жұмыскері мұны түсінуі тиіс.  
Сонымен бірге, 2016 жылы бізге жаңа Еңбек заңнамасына сәйкес еңбекті нормалауды ретке келтіру бойынша жұмыстарды жүргізу қажет болады. Мұндай жұмыстар біздің еншілес кәсіпорындардың еңбек ұжымдары және кәсіподақтарымен бірлесіп жүргізілетін болады. Біз бұл мәселелер бойынша өзара түсіністік пен келісімге келеміз деп үміттенемін. «Ембімұнайгаз» АҚ бұл жұмыстарды ішінара жүргізді және бүгінгі күні оның нақты нәтижелері бар. Түсіністік танытқаны үшін «Ембімұнайгаз» АҚ ұжымы мен кәсіподақ комитетіне үлкен рахмет.

– Компания әлеуметтік пакеттерін қысқартуы мүмкін бе? 

– Дағдарыс жағдайында біздің компанияларда ұжымдық шарттар ұлғайтылмайтын болады. Алайда, біз ағымдағы ұжымдық шарттар бойынша бұрын мейлінше қолайлы жылдары өзімізге алған ұжымдар алдындағы барлық міндеттемелерді орындауды жоспарлап отырмыз. Экономикалық ахуал нашарлаған жағдайда кез келген өзгерістерді біз жұмыскерлер өкілдерінің қатысуымен талқылайтын боламыз. Дағдарыстың ауқымы түсінікті болуы үшін айтып өтейін, мейлінше қолайлы жылдары жасалған сәтті инвестициялық жобалар және сауатты қазынашылық саясаттың есебінен, өзінің жинақтарынан ҚМГ БӨ 2015 жылдың тек 9 айында жарты миллиард долларды қолдануға мәжбүр болды. 12 айда бұл қаражат одан да көп болады. Осындай қарқынмен егер компания өз шығыстарын оңтайландырмайтын болса, өндіріс тиімділігін жақсарту және ресурстық базаны кеңейтуге, онда 4 жылдан соң бізге қарыз ақшаларға жүгінуге тура келеді. Ал, бұл түптеп келгенде компанияның банкроттылығы деуге болады. Сондықтан да мен барлық мұнайшыларды, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ компаниялар тобының барлық қызметкерлерін біздің алдымызда тұрған ортақ міндеттерді шешуде ынтымақта, жұмыла бірге атқаруға шақырамын. 
Бұл күрделі кезең өтеді, өндірістік шығыстарды қысқарту бойынша біздің стратегия, бизнесті келешек дамыту бойынша  жобаларымыз өз нәтижесін бере бастайды. Төзім мен түсіністік қажет – барлық қиындықтарды біз бірлесіп еңсереміз.

 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх