Дуальдық оқыту

Дуальдық оқыту
05.02.2016
562
Әлеумет

Дуальдық оқыту

«Ембімұнайгаз» АҚ  2015 жылдан бастап «АРЕС Petrotechnic» жоғары техникалық мектебінің және Атырау мұнай және газ институтының студенттерін дуальдық оқыту жөніндегі бірегей пилоттық жобаны іске асыруда. 

Пилоттық жобаға Атырау облысының 3-4 курстарда оқитын 34 студент қатысуда. Оқыту бағдарламасы бойынша Атырау мұнай және газ институтында және «АРЕС Petrotechnic» жоғары техникалық мектебінде студенттер 15 күн теориялық білім алады және 15 күн ЕМГ-нің «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз» және «Қайнармұнайгаз» МГӨБ-терінің кен орындарында болып, теорияны тәжірибемен ұштастырады. 
Іс жүзінде жастар студенттік кезден өндіріс өзегінде вахталық еңбекке тартылып, тіпті жалақы да алады.  Студенттердің еңбек ақысы 60 мың теңгеге жуық қаржыны құрайды, төлем шығындары және оқытудың жаңа әдісін ұйымдастыру бойынша басқа да шығыстарды ЕМГ өз мойнына алды. 
Оқуды тәмамдаған соң студенттер «скважиндерді зерттеу операторы» мамандығы бойынша біліктілік емтиханын тапсыруы керек, оның нәтижесінде біліктілік беріліп, еңбек кітапшасына жазылады. 
Оқудың оң нәтижесі түлектердің еңбекпен қамтылуына оң септігін тигізетініне күмән жоқ. Жасыратыны жоқ, қазақстандық жұмыс берушілер еңбек тәжірибесі жоқ жастарды жұмысқа қабылдауда тартыншақтық танытып жатады.
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх