ҚМГ ҰК жаңартылуы

ҚМГ ҰК жаңартылуы
05.02.2016
442
Трансформация

ҚМГ ҰК жаңартылуы

Не?

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өндірісті келешек дамыту бағдарламасы   «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының қызмет тиімділігін арттыру үшін озық тәжірибелерді енгізуге және  басқару технологияларын өзгертуге, жетілдіруге бағытталған.

Қайда?

Трансформациялау бағдарламасы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның төмендегі еншілес және қарасты компанияларында жүзеге асырылуда:

►  «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ
►  «ҚазТрансОйл»АҚ
►  «ҚазТрансГаз» АҚ
►  «ҚазМұнайГаз-қайта өңдеу және маркетинг» АҚ
►  «Қазтеңізкөлікфлоты» ҰТКК» ЖШС
►  KMG International N.V.
►  «Урихтау Оперейтинг» ЖШС
►  «АқтауМұнайСервис» ЖШС
►  «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
►  «ҚазМұнайГаз» өндіру және бұрғылау технологиялары ҒЗИ» ЖШС және басқалары. 

Қашан?

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының өндірісті перспективалы дамыту жөніндегі орынбасары  Глеб Люксембургтің айтуынша, ҚМГ ҰК трансформациясының бірінші сатысы – диагностика және дизайн – 2016 жылдың қаңтар айының соңына дейін аяқталуы тиіс. Бұл кезеңде көмекші өндірістік процестер, өндірістік процестер, шешім қабылдау процестерінің қалай  өтіп жатқанына, ол үшін қандай бизнес-құралдар бар екені және қай салалар жақсартуды қажет ететіндігіне талдау жүргізілді.
Екінші сатысы – ақпан, наурыз айлары – жоспарлау сатысы. Бұдан соң жобаларды іске асыру басталады –  компанияда нақты өзгерістер болады. Ол бойынша әзірге нақты мерзімдерді белгілеу қиын, өйткені, кейбір бизнес-процестерді өзгертуге бір-екі жыл, ал кейбір күрделісіне үш жыл қажет болуы мүмкін. 
Жоспарлау сатысынан кейін ҚМГ-да тұрақты ілгерлеу процесін іске қосуымыз керек. Жаңғырту ешқашан баяулап қалмауға тиіс және негізгі өндірістік процестермен қатар жүруі керек.Трансформация басында мейлінше белсенді және ауқымды, сосын дәл нақты жүреді. Сапалық тиімділік бірден байқалады, сосын жаңа құралдарды мейлінше  бейімдеуді талап етеді.  Барлығы бекіту және енгізу процедураларының қалай жүргізілетіндігіне, трансформация жобаларының тізіміне байланысты болады.
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх