Ембіліктердің әлеуметтік және қайырымдылық жобалары

Ембіліктердің әлеуметтік және қайырымдылық жобалары
05.02.2016
488
Әлеумет

Ембіліктердің әлеуметтік және қайырымдылық жобалары

«Ембімұнайгаз» АҚ ұзақ жылдардан бері өз қызметінде жергілікті тұрғындарды қолдау бағытындағы әлеуметтік жобаларын іске асырып келеді.
Компания қаржысына бала бақшалар салынып, денешынықтыру орталықтары мен мәдениет үйлері күрделі жөндеуден өтіп, қажетті құралдармен жабдықталды. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған және мүгедек жандарды қолдауға, сондай-ақ сырқат балалардың шұғыл операциялары үшін қаражат бөлді.

Тек қана 2013-2014 жылдары  «Ембімұнайгаз» АҚ әртүрлі әлеуметтік жобаларға 1 миллиард теңгеден астам қаражат бөлді. ЕМГ сал ауруымен ауыратын балаларды оңалттыруға  ем көрсететін мамандандырылған «Шағын ел» ҚБ-ның құрылған кезінен бастап әлеуметтік көмегін көрсетіп келеді. Бұл ұйымды қолдауға Компания  8,3 млн. теңге бөлді.

ЕМГ соғыс және тыл ардагерлерін тұрақты қамқорлықтарына алған. ҰОС 70 жылдығына орай ұйымдыстырылған мәдени шараларға 1,6 млн. теңгеден артық қаражат аударды.

Өткен жылдың мамырында қатты нөсер салдарынан баспаналары бұзылған Атырау тұрғындарына көмек көрсетті. Табиғат апатынан келген залалдан қаладағы жеке секторда тұратын  ескі үйлердің жүздеген тұрғындары баспанасыз қалды. Табиғат апатын жоюға мемлекеттік органдармен қатар ЕМГ Жас мамандар кеңесінің мүшелері де жедел араласып, көмектесті. Басқару аппараты қызметкерлерінен жиналған қаражат су басқан үйлерге көмек көрсеткен арнайы техникалар қызметіне төленді, ал ЕМГ қызметкерлері тұрғындар мүлігін судан сақтап қалуға көмектесті.

Апат зардабының көлемі бағаланған соң, ЕМГ еңбек ұжымы (басқару аппараты,төрт МГӨБ және екі көмекші басқарма) зардап шеккендерге көмек ретінде бір күндік еңбекақыларын аударды. Жиналған 18 млн.теңге «Ембі-Демеу» қорына аударылып, жалғыз ілікті зейнеткер Қалым Құрмановтың жарамсыз болып қалған ескі баспанасының орнына жаңа үй салынды, көп балалы отбасы және тәрбиесінде мүмкіншілігі шектеулі балалары бар Жұмагүл Көпбергенованың  баспанасының құрылысын аяқтап берді, Ренат Сапаров (1-топтағы мүгедек), Лидия Оттенбахер (бала отадан соң), Әйгерім Сүлейменовалардың (2-топтағы мүгедек баласы бар) баспаналары күрделі жөндеуден  өтті.

Жаңа жыл қарсаңында «Ембімұнайгаз» АҚ ұжымы «Балаларға бақыт сыйла!» атты жаңажылдық  қайырымдылық шыршасын ұйымдастыру дәстүрін биыл да жалғастырды. Мерекелік шараға Атырау қаласы мен облысындағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларының балалары, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, мүмкіншілігі шектеулі балалар, барлығы 1300-ге тарта бүлдіршін қатысты.
 28 желтоқсан күні М.Өтемісұлы атындағы облыстық драма театрында өткен жаңажылдық шараға 500-ге тарта бала қатысты. Балалар театрландырылған қойылымды тамашалап, Аяз Ата мен Ақшақарды қарсы алып, мұнайшылар дайындаған сыйлықтарға ие болды.

Атырау облыстық санаторий типтес №4 мектеп-интернатының, №1 С.Қазыбаев атындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін, облыстық балалар ауруханасының ем алушыларына, №3 балалар сауықтыру орталығының балаларына, «Атырау. Шағын ел» қоғамдық бірлестікте ем алып жатқан бүлдіршіндерге де жаңажылдық мерекелік шаралар, сыйлықтар ұйымдастырылды.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх