МТҚ оңтайландыру

МТҚ  оңтайландыру
05.02.2016
655
Трансформация

МТҚ оңтайландыру

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету процесін оңтайландыру (МТҚ) дегеніміз не және ол не үшін жүргізіледі? 

Кез келген ірі кәсіпорын күн сайын ауқымды көлемде материалдық-тауарлық құндылықтарды (МТҚ) пайдаланады. Оларды сатып алу, сақтау және пайдалану қажет, ал мысалы, сынған, істен шыққан жағдайда есептен шығару керек. Бір қарағанда, сондай қиын жұмыс емес. Алайда, егер кәсіпорынның бірнеше филиалы болып, әр кенорны ұзақ қашықтықта орналасқан болса, онда есеп жүргізуді, пайдалануды және жалпы қамтамасыз етуді бақылау қиын. Бұл жұмыстардың тиімділігі мейлінше жоғары болуы үшін әлемде заманауи ақпараттық технология және жүйе табысты қолданылады. 
«Ембімұнайгаз» АҚ-да өндірісті келешек дамыту бағдарламасы аясында материалдық-техникалық қамтамасыз (МТҚ) ету процесін оңтайландыру жобасы іске асырылуда. Бұл материалдық-тауарлық қор көлемінің артуы, ал, жергілікті жерде оларды алу жылдамдығының төмен болуынан туындады. Жөндеу және материалдық-техникалық қамтамасыз ету үлкен шығыстарды талап етеді. ал еңбек өнімділігі, қызметкерлерге шығындар жоғары деңгейде қалуда. «Ембімұнайгаз» АҚ МТҚ процесін оңтайландыру еңбек өнімділігі мен тиімділігін көтереді. Мұнайға бағаның төмендеуі және ағымдағы өндіру қарқынын сақтау жағдайында ұжымның алдында осындай міндет тұр.

Жобаның негізгі міндеттері:

►  Өндірісте ағымдағы қорларды пайдалануды ұлғайту (айналымдағы капиталды оңтайландыру), 
►  Тауарлық-материалдық қорларды сатып алу мерзімі мен шығындарына, сатып алу жұмыстарына бақылауды күшейту. Жұмысты дер кезінде материалдармен қамтамасыз ету.   
►  Дер кезінде толық және дұрыс ақпарат беру.

Артық босалқы қорды азайту

2013 жылы Ембімұнайгаз  материалдық-тауарлық қоры  5,2 млрд. теңгені құрады. Компанияның материалдық-тауарлық құндылық (ТМҚ)  қорлардың оңтайлы деңгейі бойынша талдау жүргізілді, «егер де» сценарийі негізінде стратегиялық шешімдер жасалды. Нәтижесінде тауарлар сатып алу азайды, меншіктегі қорларды пайдалану ұлғайды, оның қорытындысында қорлар 1,3 млрд. теңгеге азайды. Бүгінгі күні қоймадағы ағымдағы қорлар – 3,9 млрд. теңгеге бағаланады.

Стандарттық операциялық карта – бұл жұмысты орындау үшін құжатталып рәсімделген ретімен жасалатын іс-әрекеттердің жиынтығы. 
Барлық регламенттік база ЕМГ серверінде орналастырылған. Қазіргі уақытта  «Қайнармұнайгаз» МГӨБ-та «Жайықмұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Доссормұнайгаз» МГӨБ-терінің механиктерінен құрылған  жұмыс тобы қызмет істеуде. Жұмыстар ай ішінде тәмамдалып, кейін бұл тәжірибе басқа МГӨБ-терде қолданылатын болады.

Алдын ала болжамдар

ТҚКЖЖ жобасын іске асыру нәтижесінде: 
► жабдықтардың жұмыс істемей қалуы мен апаттылығы 5-тен 10%-ға төмендейді, 
► жөндеушілердің жұмыс салмағының тиімділігі 5-тен 10%-ға, 
► материалдық қорлардың айналымы 10-нан 15 %-ға, 
► жөндеуді материалдық қамтамасыз ету деңгейі 10-нан 15 %-ға, 
► жөндеу бюджетін қолдану тиімділігі 10-нан 15%-ға дейін артады, 
► процестердің ашықтылығы және ТҚКЖЖ басқарудың барлық деңгейінде ақпараттың дұрыстығы қамтамасыз етілетін болады.

Барлық бизнес процестерді жаңарту

Ембімұнайгаз регламент талаптарын бірыңғай стандарттарға сәйкестендірді, SAP-қа автоматтандыру жүйесі енгізілуде. Бұрын есеп, қойма сияқты жекелеген міндеттер автоматтандырылған болатын. Қазіргі уақытта күнделікті жасалатын операциялар және басқару шешімдерін дер кезінде қабылдау үшін қажет жедел ақпаратты өңдеу бизнес-процестері автоматтандырылуда. 
Бұл бюджет шығындарын автоматты түрде қалыптастыру, бар қорларды тексеру, сатып алу жоспарларын қалыптастыру, келісім-шарттармен жұмыстар, орталықтандырылған жеткізу, сатып алу және тұтыну бойынша талдау есептілігі. SAP-та жаңа әдіс жүзеге асырылуда, онда компанияның барлық процестері бір-бірімен байланысты, ашық, іс жүзінде тәуекелдер жоқ. 
«Ембімұнайгаз» АҚ-да табысты жүзеге асырылған әдістер мен тәсілдер ҚМГ  БӨ  басқа да еншілес ұйымдарына таратылатын болады.

ТҚКЖЖ – Техникалық қызмет көрсету және жабдықтарды жөндеу

ТҚКЖЖ  процесі тиімділігін нығайту жобасының міндеттері:

►  Жабдықтардың жоспарлы тұрып қалуын қысқарту; 
►  Жабдықтардың жоспардан тыс тұрып қалуын қысқарту; 
► ТҚКЖЖ материалдары мен қызметіне шығыстарды қысқарту;
►  Жөндеу жұмыскерлерінің еңбек шығындарын қысқарту. 

Жабдықтардың толық базасы, барлық құралдар мен жабдықтардың тіркелуі:

ЕМГ механиктері мен энергетиктерінен құрылған жұмысшы тобы төмендегі бағыттар бойынша арнайы технологиялық карталарды дайындады:

►  Жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету шығындарын мөлшерлеу;
►  Мұнай өндіру нысандары жабдықтарын жөндеуге және сервистік қызмет көрсетуге уақытты мөлшерлеуді дайындау;
►  Транспорттық шығындарды мөлшерлеу.

Төмендегі бағыттар бойынша 253 стандарттық операциялық карта дайындалды:

►  Мұнай-газ өндіру және қабат қысымын сақтау;
►  Скважиндерді жерасты жөндеу, өндірістік қызмет көрсету; 
► Жабдықтарды коррозиядан қорғау, мұнайды кешенді дайындау және айдау.

 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх