Жастар жәрдемі

Жастар жәрдемі
16.06.2016
300
Жастар

Жастар жәрдемі

Дәстүрлі қазақ қоғамында әлсізге қамқорлық көрсетуді насихаттайтын салт көп болған. Десек те, олардың бірқатары қазіргі күні ұмытылып кеткені рас. Ертеректе күз түсіп, мал саны көбейгенде хан-сұлтандар мен дәулеті тасыған байлар кедейлерге тегін мал, ақша, бұйым, тамақ үлестірген. Бұл біріншіден, кедей-кепшіктің келе жатқан қыстан аман шығуына жәрдемдесу болса, екіншіден, көптің алғысын алудың амалы десе болады. Жалпы, адамдарды бауырмалдыққа баулитын, қоғамдық қарым-қатынасты реттейтін бұл дәстүрдің игілігі көп. Осы жақсы салтты бүгінгі жастардың қолдап, жүзеге асырып келе жатқаны дұрыс бағыт деп ойлаймыз.
Биыл да өңірімізде жауын-шашын қатты болып, көптеген үйлер суға кетті, әсіресе әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына салмақ түсті. Осыны ескерген «Ембімұнайгаз» АҚ құрылымдық бөлімшесі – Өндірістік техникалық қамту және жабдықтармен комплектациялау басқармасының жас мамандары өзара қаржы жинап, Атырау қаласында тұратын жағдайы төмен бірнеше отбасына күнделікті керек азық-түлік түрлерін таратып берді. Қайырымдылық – ізгілікті іс. Бұл еңбек ұжымындағы жас мамандардың ынтымақ-бірлігінің арқасында жүзеге асқан игілікті шара. Осындай шараларды алдағы уақытта тағы жиі өткізіп тұру жөнінде жас мамандар арасында ұсыныс жасалып, мақұлданды.

Анар Гусманова, ӨТҚжЖКБ, Жас мамандар кеңесінің мүшесі

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх