Өндірістік мәжіліс өтті

30.06.2016
421
Өндіріс
Өндірістік мәжіліс өтті
Маусымның 14-15 күндері Компания басшысы Е.Қайыржан Қаражанбас кен орнына жұмыс сапарымен барды. Биылғы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша өндірістік мәжіліс болып, өндіріс директорының орынбасары А.Қаршығаев кен орнының қызметі туралы есеп берді. Мәжіліс қорытындысы негізінде бөлімше басшыларына тиісті тапсырмалар беріліп, міндеттер жүктелді.
Бұдан соң Мәдени-демалыс орталығының мәжіліс залында «ҚБМ» АҚ және «АТС» ЖШС еңбек ұжымдарымен кездесіп, жұмыскерлердің қойған сұрақтарына жауап берді.
Сондай-ақ, №1,2 Мұнай өндіру, Қабат қысымын ұстау, Мұнай дайындау және айдау цехтарын, «АТС» ЖШС, «ТК және ҰҚКБ» ЖШС аралау барысында бөлімше шеберлерімен кездесу өткізді.