Балалар үйінде қайырымдылық мерекесі өтті

Балалар үйінде қайырымдылық мерекесі өтті
30.06.2016
508
Әлеумет

Балалар үйінде қайырымдылық мерекесі өтті

Қасиетті Ораза айында «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (ҚМГ БӨ) ұжымы Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-не барып, қайырымдылық шарасын өткізді. 

Оған компанияның Аппарат басшысы Бауыржан Асқаров, Қызметкерлерді басқару және еңбекақы төлеу жөніндегі департаментінің және Жас мамандар кеңесінің өкілдері қатысты. Олар компания қызметкерлері атынан жиналған қаражатқа балалар үйіне қажетті ойыншықтар, үстел мен орындықтар, велосипедтер алып, бүлдіршіндерге сыйға тартты. Сонымен қатар, мекеме ауласында арнайы ойын-сауық шарасы ұйымдастырылды. Қонақтардың сый-сияпатына тәнті болған балақайлардың көңіл-күйі бір серпіліп қалғандай болды. ҚМГ БӨ Қызметкерлерді басқару және еңбекақы төлеу жөніндегі департамент директоры Эльмира Кәрімованың айтуынша, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, тағдырдың ащы сынағына ерте тап болған балаларға көңіл бөліп, қамқорлық таныту қоғам үшін ортақ міндет. Сондықтан да, біз қолдан келген көмегімізді аямай, осындай қайырымдылық шараларын өткізуге үнемі атсалысып тұрамыз, – дейді директор. Балалар үйі жетекшілері де, бүлдіршіндерге ықыласын танытқан ҚМГ БӨ ұжымына шын жүректен ризашылығын білдірді.

 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх