«Ембімұнайгаз» АҚ футбол командасы – қола жүлдегер

«Ембімұнайгаз» АҚ футбол командасы – қола жүлдегер
15.07.2016
1440
Қызметкерлер

«Ембімұнайгаз» АҚ футбол командасы – қола жүлдегер

«Ембімұнайгаз» АҚ-ның спортқа жаны құмар қызметкерлерінен құралған шағын футбол командасы Атырау қаласының ашық біріншіліктерінде 2012 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Осы жылдар аралығында команда әртүрлі үлкен додаларға қатысып, жүлделі орындарды бірнеше рет жеңіп алды.

Атап айтар болсақ, 2012-2013 жылғы Атырау қалалық дене-шынықтыру және спорт бөлімі және Атырау облыстық футбол федерациясының ұйымдастыруымен өткізілетін шағын футболдан Атырау қалалық IV-ші ашық біріншілігінде «Ембімұнайгаз» АҚ командасы жүлделі 2 орынды иемденіп, жоғарғы лигаға жолдама ұтып алса, 2013-2014 жылғы қалалық чемпионатта жүлделі 3-ші орынды жеңіп алды. 2014 жылы команда жыл сайын өткізілетін «Олимп» турнирінде Ақтөбе, Орал, Ақтау, Атырау қалаларының футбол командаларын айқын басымдықпен ұтып, Бас жүлдені қанжығасына байлады. Сонымен қатар, ембілік футболшылар Қызылорда қаласында өткен 3-ші «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ кәсіпорындары арасындағы спартакиадада басқа командалардан басым түсіп 1-орынды жеңіп алды. 2015 жылы халықаралық «Олимп» кубогының күміс жүлдегері, 2016 жылы Атырау қаласы кубогының иегері атанды. Команда құрамы Қоғам басқармаларына қарасты цехтардың қызметкерлерінен құралған. 
Жуырда ғана «Ембімұнайгаз» АҚ футбол командасы Алматы қаласында солтүстік Азия елдері арасында өткізілген «Kafusa» турнирінде 3-ші орынды иеленіп, қола жүлдегер атанды. Турнир Қайрат командасының паркетінде өткізіліп, жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды. Мұнайшылар жақсы өнер көрсетіп, үлкен тәжірибе жинақтады. Футболшылар осындай мүмкіндік берген «Ембімұнайгаз» АҚ басшылығына алғысын білдіреді.

 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх