Бізді қандай міндеттер күтіп тұр?

Бізді қандай міндеттер күтіп тұр?
18.02.2016
3855
Трансформация

Бізді қандай міндеттер күтіп тұр?

Қаңтардың 25-і күні Астанада  ҚМГ БӨ еншілес және тәуелді ұйымдарының есепті жиналысы өтіп, онда холдинг бас директоры Құрманғазы Есқазиев 2016 жылдың  міндеттерін белгіледі. 

►    Дағдарыс жағдайында барлығымыз жұмылып, бірлесіп жұмыс істеп қиындықтарды бірге жеңуіміз қажет. 

►    Мұнайға бағаның төмен жағдайында шығыстарды оңтайландыру айтарлықтай маңызды. Барлық кәсіпорындар өндіріске жаңа технологияларды енгізу, скважиналарды жөндеу, бұрғылау сапасын жақсарту, жалпы айтқанда, геологиялық-техникалық іс-шаралар тиімділігін арттыру жұмыстарын қолға алуы тиіс. 

►    Өте күрделі жағдайға қарамастан, компания адамдарды жұмыстан қысқарту және олардың жағдайын төмендетуді жоспарлап отырған жоқ. Барлық қызметкерлерге қойылатын жалғыз ғана талап – еңбек және технологиялық тәртіпті сақтап, өз міндеттерін кәсіби деңгейде орындау.

►    Компанияларда ұжымдық шарттар ауқымы ұлғайтылмайды, десе де компания мейлінше оңтайлы жылдары қол қойылған ағымдағы ұжымдық шарттар бойынша  барлық міндеттемелерін орындауға ниетті. Экономикалық ахуал нашарлаған жағдайда ұжымдық шартқа азаю жағына қарай бойынша өзгерістер еңбек ұжымымен бірге талқыланатын болады.

►    ҚМГ БӨ орталық аппаратында өткен жылдың желтоқсан айында қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілді. Орталық аппарат құрылымы оңтайландырылды, қайталанатын қызметтер алынды, мұнайсервисі жобалары бойынша жеке блок пайда болды, өйткені, компания бұл бағытты дамытуды жоспарлап отыр.

►    ҚМГ БӨ холдинг ретінде жұмыс істейді және ортақ мақсаттарға жету үшін еншілес тәуелді ұйымдарға (ЕТҰ) көмектеседі, оған қажетті тәжірибе мен құзырет орталық аппаратта бар.

Құрманғазы Есқазиев:

 «Салада өте күрделі жағдай қалыптасып отыр. Мұнай бағасы қарыштап құлдырауда, жақын уақыттарда баға өседі деп болжанып отырған жоқ. Қазақстан Республикасының бюджетіне айтарлықтай үлес қосып отырған біздің компания үшін нарықтағы баға жағдайы оңай соқпайды, өйткені, біздің компаниялар тобының экономикасына теріс әсер етеді». 
«2015 жылы ҚМГ БӨ «Өзенмұнайгаз» АҚ-на 37 миллиард теңге мөлшерінде қаржылық көмек көрсетті, ал 2016 жылы көмек 45 миллиард теңгені құрайды деп жоспарлануда. «Қазгермұнай» БК» ЖШС және «Ембімұнайгаз» АҚ жылды оң көрсеткішпен аяқтады. Алайда, егер мұнай бағасы ағымдағы күйінде қалатын болса, онда бұл компанияларда тиімділік деңгейін ұстап тұру күрделі болады».

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх