Ембі әлеуеті – адамдар және технология

Ембі әлеуеті – адамдар және технология
18.02.2016
1379
Трансформация

Ембі әлеуеті – адамдар және технология

Ақпанның 5-і күні «Ембімұнайгаз» АҚ кеңсесінде бизнесті келешек дамыту жобаларының тұсаукесер рәсімі болып өтті. Атырау қаласында өткен конференцияға «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ және еншілес, тәуелді ұйымдардың басшылары, сондай-ақ қызметкерлер мен жоба бойынша серіктестер қатысты.

ҚМГ БӨ бас директоры Құрманғазы Есқазиев конференцияға қатысушыларға бақылау орталығының жұмысын көрсетіп, Уаз интеллектуалды кенорын технологияларының мүмкіндіктері туралы айтып берді. Бұл пилоттық жоба 2015 жылы ЕМГ-де бизнесті келешек дамыту бағдарламасы аясында, материалдық-техникалық қамтамасыз ету (МТҚ) процестерін оңтайландыру және жабдықтарды жөндеуді оңтайландыру (ЖЖО) бағдарламасымен қатар енгізілді.

Бұл жобалар компания шығыстарын оңтайландыруға және өндірістің тиімділігін нығайтуға бағытталған. Олардың әрқайсы жайында 2016 жылдың 5 ақпанында шыққан біздің газетіміздің №1-2 арнайы шығарылымынан оқи аласыздар. 

–  Қазіргідей уақыт адамдардың ішкі әлеуетін ашып, жұдырықтай жұмылдырады. «ҚМГ» жүйесінде трансформация бағдарламасымен айналыса отырып, бұл бастаманы біздің қызметкерлер терең алып кетеді деп ойлаған жоқпын, – деді баспасөз мәслихатында сөйлеген Өмірзақ Шөкеев. – Біз үнемі «Ембімұнайгазда» ескі, көнерген кенорындар, жаңа технологияны енгіземіз дегенше көп уақыт кетеді деп айтатынбыз... Бүгін біздің алдымызда 50-60 жастағы компаниялардың басшылары сөйледі. Жоғары білімді, терминдерді талдап қолданып сөйлеуде – бізге экспаттардың қажеті жоқ. Мен бұған оптимистік көзқараспен қараймын: егер бұл жұмыстарды «Ембімұнайгаз» жасай алса, онда басқа компанияларда да іске асыруға болады.

Сауат Мыңбаев нарықтағы теріс баға жағдайы барлық мұнай бизнесінің негізі болып табылатын «Барлау өндіру» секторына қатты әсер еткенін атап айтты. Бұл орайда трансформация бағдарламасы дәл осындай кезеңде бизнестің тиімділігін нығайтуға, компанияның күрделі нарықтық жағдайға бейімделуіне бағытталған.

– «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Барлау және Өндіру» бағытындағы өндірісті келешек дамыту бағдарламасы «жедел жеңістер» деп аталатын жолмен жүзеге асырылып келеді. Олардың барлығы 18. «Жедел жеңістердің» мәні – жеке кәсіпорында жоба құру, одан соң тәжірибені басқа компанияларға тарату, – деді журналистерге Сауат Мыңбаев. «Ембімұнайгаз»АҚ базасында іске асырылып жатқан 3 «жедел жеңісті» талқылау – барлау және өндірумен айналысып жатқан біздің кәсіпорындар үшін айрықша маңызды. 

Конференцияда ҚМГ БӨ бас директоры Құрманғазы Есқазиев, сондай-ақ, ЕМГ өндірісті автоматтандыру және ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Болат Нысанбаев, ЕМГ бас директорының өндірісті келешек дамыту жөніндегі орынбасары Дінмұхамед Шәріпбаев, «ҚазМұнайГаз» өндіру және бұрғылау технологиялары ҒЗИ бас директорының орынбасары Андрей Свешников, «Қаражанбасмұнай» АҚ президенті Дәулетжан Хасанов, «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Мақсат Ибағаров және «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары Медет Кәрім сөз сөйледі.

Конференция өткен күннің екінші жартысында ҚМГ БӨ-нің 2015 жылдағы қаржылық-шаруашылық қызметінің қорытындысы бойынша жиналыс болды. ҚМГ ҰК басшысы Сауат Мыңбаев, конференцияны қорытындылай келе, ҚМГ ҰК және ҚМГ БӨ басқа еншілес компанияларының қиын уақыттарда компанияның процестерін оңтайландыруға және мұнай өндіру тиімділігін нығайтуға көмектесетін жобаларды өз кәсіпорындарында енгізу тиістілігі жайында атап айтты.

 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх