Әлеуметтік нысан мұнайшылар игілігіне

Әлеуметтік нысан мұнайшылар игілігіне
18.02.2016
358
Әлеумет

Әлеуметтік нысан мұнайшылар игілігіне

«Су өндіру және тасымалдау басқармасы» ЖШС бөлімшесі – Түйесу кен орнында жаңа тұрмыстық-шаруашылық кешен бой көтерді. Түйесу және Сауысқан кен орындары Маңғыстау облысының көптеген елді мекендерін 1964-1972 жылдардан бері ауыз сумен қамтамасыз етіп келеді. Барлық ұңғымалар саны 32, ал ұңғымалар тереңдігі 44-62 метрді құрайды. Тәулігіне 7200м² шамасында ауыз су өндіреді.  

Жаңа кешеннің салтанатты ашылу рәсіміне «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары, Серіктестіктің Бақылау кеңесінің төрағасы Қайырбек Елеусінов, «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Мақсат Ибағаров, «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Есен Өтеев, «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директорының құрылыс жөніндегі орынбасары Салтанат Ысқақов, «Сенек» ЖШС бастығы Қалпақ Наурызмағанбетов және ауыл ақсақалдары мен тұрғындары қатысты. 

Серіктестіктің директоры Дүйсен Медеуов кешеннің ашылуымен барлығын құттықтап, кешеннің ашылуына қолдау көрсеткен «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ мен «Өзенмұнайгаз» АҚ-ына алғысын білдірді. 

Ақтоты Сүтбаева, 
«СӨТБ» ЖШС Кадр жөніндегі маман

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх