«Ембімұнайгаз» АҚ футбол командасы балаларға сыйлық жасады

«Ембімұнайгаз» АҚ футбол командасы балаларға сыйлық жасады
18.02.2016
373
Әлеумет

«Ембімұнайгаз» АҚ футбол командасы балаларға сыйлық жасады

«Ембімұнайгаз» АҚ футбол командасы С.Қазыбаев атындағы №1 интернат тәрбиеленушілерімен кездесті. Компания бірнеше жыл қатарынан бұл интернатты өздеріне шефтік көмекке алған. Бүгінгі таңда интернатта 48 бала тәрбиеленуде. Тәрбиеленушілер осы кездесуге арнайы дайындалған концерттік бағдарламаларын көрсетті. Компания қызметкерлері өз кезектерінде ойыншылардың есімдері жазылған футбол добын және тәтті тағамдарды сыйға тартты. Сонымен қатар, мұнайшы-футболшылар 2015 жылдың қорытындысы бойынша жақсы ойын көрсеткендері үшін жүлделі 2-орынды иеленген облыстық чемпионаттағы бағалы сыйлықтарын, музыкалық орталықты балаларға тарту етті.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх