Өндіріс үшін қажетті жоба

Өндіріс үшін қажетті жоба
29.07.2016
366
Жастар

Өндіріс үшін қажетті жоба

Ақжігіт Түйешиев, 
«Өзенмұнайгаз» АҚ Жобаны басқару департаментінің аға инженері (СБжКЖ)

Қазіргі таңда «Өзенмұнайгаз» АҚ өндіруші компания болғанымен, мұнай өндіру үрдісі өте күрделі және бірқатар қомақты қаражатты талап етеді. Бүгінгі таңда аталған қаражат скважиналарды жерасты жөндеу кезінде арнайы техникаға, жерасты жабдықтары мен қосымша мердігер мекемелерге жұмсалады. Соңғы жылдары Компания бойынша жоспарланған скважина жөндеу аралық кезеңінің (ЖАК) жиілеуінің бірден-бір себептері скважина ЖАЖ (жерасты жабдықтарының) қажалуы болып табылатынын жоққа шығаруға болмайды. ЖАЖ қажалу негізгі факторлары ұңғы қабырғасы азимутына қарай қисықтығы және скважина өнім сұйықтығының құрамында әртүрлі қоспалардың әсері, скважина бойының тұздануы салдарынан үйкеліс күшінің артуымен тербелмелі қондырғы (ТҚ) балансир басына түсетін артық салмақ, ЖАЖ қажалуы, шыбық үзілуі және де ТҚ жағдайына да кері әсерін тигізеді.

Менің «Жас мамандар кеңесі – 2016 жыл» жоба сайысында талқылаған тақырыбым да осы кемшіліктерді жоюға арналды. Инновациялық жоба сайыс тақырыбына ЖАЖ (жерасты жабдықтары) бір-бірімен қажалуға жол бермеу мақсатында роликті шыбық құрылғысымен 2013 жылдан бері айналысып, қорытындысын 2016 жылы шығарған едім. Құрылғыны Компанияға 2014 жылдан бастап енгізу жұмыстарымен, соның ішінде құрылғы сызбасы, үлгісі және материал түрін сараптау жұмыстарымен айналыстым. №2 МГӨБ қарасты ТҚ-9 №7146 скважина құрылғыны жіберуге дейін тарихына толықтай сараптама жасақтап, аталған скважинаға түсірілген болатын. Аталған жоба қорытындысы қызу талқыға салынып, келтірілген техника-экономикалық есебі, скважина ЖАК 7 есе өсуі және СЖАЖ жұмыстары неғұрлым азайғаны туралы көрсеткіштерге орай ««ҚазМұнайГаз»БӨ» АҚ тарапынан комиссия төрағасының оң нәтижелі қорытындысын алдым. 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх