Кенқұрылыссервисте кәсіби шеберлік сайысы өтті

Кенқұрылыссервисте кәсіби шеберлік сайысы өтті
29.07.2016
567
Қызметкерлер

Кенқұрылыссервисте кәсіби шеберлік сайысы өтті

«Кенқұрылыссервис» ЖШС-нің өндірістік қамту базасы аумағында құрылысшылардың төл мерекесіне орай, таңдаулы мамандарды анықтайтын «Үздік маман» сайысы өтті.

Үрдіс бойынша ағымдағы жылы бұл сайыстың өтуі бұрынғы жылдармен салыстырғанда ерекше болды. 
Алдымен байқау мекеме жұмысшыларының арасында дәнекерлеуші, құбыр құрастырушы, оқшаулаушы, электромонтер, тас қалаушы мамандықтары бойынша өтті.

Сонымен, байқауға қатысып, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққан Абай Балтабаев «Үздік дәнекерлеуші», Бербай Тоқбаев «Үздік құбыр құрастырушы», Шалқарбай Өзбеков «Үздік оқшаулаушы», Рахмет Дауылбаев «Үздік электромонтер»,  Қобылан Аширбаев «Үздік тас қалаушы» атағын иемденді.

Әрбір жұмыскер өз ісінің маманы болса ғана, басқарма өмірі гүлденіп, өсіп-өркендемек. Үздіктерімізге ақтық байқауда сәттілік серік болсын!

Ырыс Молбаева, 
«Кенқұрылыссервис» ЖШС әлеуметтік қамту тобының жетекшісі

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх