Техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу шарасы өтті

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу шарасы өтті
29.07.2016
464
Еңбекті қорғау

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу шарасы өтті

Төтенше жағдайлар саласында білімді насихаттау, мамандарды оқытып-үйрету, хабардар етіп отыру – өндіріс үшін өте маңызды. Осы бағытта қабылданған Үкімет қаулысын және Жаңаөзен қаласы әкімдігінің назар қойып отырған мәселелерін дәйекті іске асыруға «Өзенмұнайгаз» АҚ күш салып келеді.  Осындай шараның бірі  шілденің 8-і күні ұйымдастырылып, командалық-штабтық жаттығу жоғары деңгейде өтті. 

Шара барысында Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары мен қалалық төтенше жағдайлар бөлім басшылығының қатысуымен «Ақсу» шағын ауданы алаңында сап түзілді. Сап түзу шарасына «Өзенмұнайгаз» АҚ тарапынан қызметкерлер мен арнайы техникалар қатысты. Атап айтатын болсақ, №3,5 Скважиналарға қызмет көрсету басқармаларынан 2 дана эксковатор (УДС), автокран , 2 дана су тасу көлігі, 2 дана жүк көлігі, 1 дана компрессор және арнайы қысқы киім киіп, құрал-жабдықтармен қаруланған 8 қызметкер, ТТБ-нан 5 дана автобус, ХжЭБ-нан 2 дана хон, 2 дана самосвал, ӨЭМБ-нан 1 дана дербес (автономды) электр генераторы. Төтенше жағдайлардың алдын алмау адамдардың қаза табуына, материалдық шығындарға ұшырауына әкеліп соқтырады. Сондықтан, апаттың алдын алу,орын алған жағдайда дер кезінде ауыздықтауға сақадай сай тұру үшін аталмыш шараның жиі өткізіліп тұруы маңызды.

Жаттығу шарасына ЕҚжӨҚД директоры Ө.Ибрагимов, ЕҚжӨҚД Азаматтық қорғаныс маманы А.Бердімұратов, ТД инженері Г.Жұмағұлов, ТТБ Жол қауіпсіздік қозғалысының инженері Н.Қарамырзаев, ХжЭБ ЕҚжТҚ инженері А.Даяубаев, №3 СҚКБ Бас техникалық жетекшісі Ж.Давишев, Жол қауіпсіздік қозғалысының инженері Ж.Шәріпов, №5 СҚКБ АҚ инженері А.Қарамбетова, ӨЭМБ ЕКжТҚ инженері Т.Адилов, №1МГӨБ Бас техникалық жетекшісі К.Караджанов, ОИТҚ жетекшісі Т.Айтуғанов, ӨҚКЦ бастығы О.Сариев, ИТҚ қызметкерлерінің жұмысшылары, «Семсер Өрт Сөндіруші» ЖШС, «Медикер Өндірістік медицина» ЖШС, «Семсер Segurity» ЖШС бөлімдерінің қызметкерлері белсенді қатысты.

Шарада Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары С.Сейдалиев, қалалық Төтенше жағдайлар маманы И.Ищенко, қалалық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Н.Саттиков сап құрамына қатысқан жоғарыда аталған мекемелерден келген арнайы техника мен қызметкерлердің құрал-саймандарын тексеріп шықты. «Өзенмұнайгаз» АҚ қызметкерлері мен арнайы техникалар шұғыл қимылдайтын отряды Төтенше жағдайды қалыпты жағдайға түсіру үшін дайын екендіктерін хабарлады. Аталмыш шара №1 МГӨБ аймағында орналасқан №85 топтық қондырғысында өтті.

Қатысушылар «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара отырып» Өзен кен орнындағы магистральдық құбыр желісінде орын алған төтенше жағдайдың салдарын анықтай отырып, апатты жағдайдың етек жаюына жол бермей тез арада ауыздықтады. Жаттығу шара барысында компанияның Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметінің дайындығының жоғары дәрежеде екендігі анықталды.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх