Мұнайшыларға алғыс!

Мұнайшыларға алғыс!
15.09.2016
251
Жаңалықтар

Мұнайшыларға алғыс!

Қазақстан Республикасы Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында дәл осындай атаумен мерекелік ән шашу бейнебаяны тұсауын кесті. 

Мұнайшылар жүрегіне жол тартқан ән уақытпен санаспай адал, абыройлы еңбек етіп, ел экономикасын дамытуға қажырлы қызмет атқарып жүрген сала қызметкерлеріне арналған. Елімізге танымал өнер иелерімен ақылдаса отырып, осындай шығармашылық туындының дүниеге келуіне бастамашы болған идея авторы – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Бас директоры Құрманғазы Орынғазыұлы Есқазиев. 

Орындаушы: Ақылбек Жеменей
Сөзі: Ринат Зайытов; Әні: Павел Ли
Бейнебаянның көркемдік жетекшісі: ҚМГ БӨ Аппарат басшысы Бауыржан Асқаров

Қара жердің қойнауындағы «қара алтынды»
Іздеп тауып қуантып жүрген халқымды сендер
Жоғалтпадың таза жүрек пен бала қалпыңды
Қиындықты өткерсеңдерде күнде сан түрлі

    Қайырмасы:
    Айтыңдар алғыс мұнайшыларға еңбегі үшін
    Ертеңін ойлап еліне қайрат бергені үшін
    Қазақстанның болашағына сенгені үшін
    Өзінен артық Отанын жақсы көргені үшін

Мұнайшылар тағдыр таңдаған адал жолың бар
Ел жетелеген биік шыңдарға қоныңдар сендер
Кең даламның әрбір қиясын тынбай шолыңдар
Еліміздің келешегі үшін аман болыңдар!

 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх