Мұнайшы мәртебелі мамандық!

Мұнайшы мәртебелі мамандық!
15.09.2016
737
Қызметкерлер

Мұнайшы мәртебелі мамандық!

Айнұр Шаненова, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Мұнай сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директор

Мұнайшы мәртебелі мамандық!

Биікжал, Тортай, Ескене мен Шөлқара
Жақындай боп көрінеді бұл ара
Жазық дала табиғаты осындай
Орын тепкен жүздеген жыл бұл арада мұнара.
Ата, әке тауды тасты аралап,
Өмір менен қиындықты саралап, 
Жеңе білген білім менен білекпен
Талай кеніш, талай кенді бағалап.
Қарашүңгіл бабам жері киелі
Халқым жерін «Отаным», – деп сүйеді,
Тұңғыш мұнай табу деген мол бақыт
Атам тұрған осы жерге тиеді.
Содан бері талай кеніш ашылды.
«Қара алтыннан» жүз жыл шашу шашылды.
Ақтау, Атырау, Қызылорда, Өзенде
Талай жоспар орындалып тасылды.
Ақкиізтоғай қасиетті болған жер.
Доссор, Мақат, Миялыдай көрді ел.
Қосшағыл мен Қаратон да иініп,
Кенелді ғой мұнайына Ұлы Ел.
Қаражанбас, Қаламқастай жері бай
Әдет-ғұрып, салт дәстүрге елі бай.
Мұнаралар келіндей боп иілген.
Маңғыстауым тәңір берген жерім-ай.
Қызылордада Ақшабұлак кеніші,
Кең Жылыойда Прорва мен Теңізі,
Маңғыстауда Ұлы Өзен, Жетібай
Жоқшылықтан сақтап қалған ел ішін.
Байлық болған еліміздің бағына
Шабыттанып жыр жаздырған тағы да.
Алқабы да, адамы да кеңпейіл.
Туған жерім жететін мен сағына.
Сары дала қойнауына кен біткен.
Ұлы дүйім үмітпенен шын күткен,
Айналайын асыл жерден бұйырған
«Қара алтыннан» қаны тамған кіндіктен.
Сарықамыс пен Бекбике де болған жас.
Мұнай мен газ өндірілген аралас.
Бір кездері мұнай беріп жоспармен
Дүрлеп тұрған ауыл болды Байшонас.
Қажырлы еңбек арқасында маманның
Табылады «қара алтыны» даланың.
Күні-түні жұдырықтай жұмылып,
Біріккенде маманы әр саланың.
Бұл кәсіпте барлық еңбек басталар
Геологтан жер қабатын астарлар
Бұрғышы мен геофизик қолдаса, 
Инженерлік құпталады жоспарлар.
Құрылысқа келіп жетсе баппенен.
Ұңғыларды тұрғызатын саппенен
Кен орынды жетілдіріп беретін
Құрылысшы емеспін мен, әттеген.
Мамандар бар жүргізетін жұмысты
Күрделі де жер асты мен жер үсті
Жүргізгенде жұмыстарын қарбалас
Елемейді қиындық деп не шілдені не қысты.
Сыр білдірсе жер қабаттық қысымдар
Дер кезінде сын сәттерде қысылған
Мамандар бар дәрігердей емдейтін
Жер ананы құтқаратын қысымнан.
Жер бетіне шыққан алтын мұнайды
Қарсы алады енді маман мұнайшы
«Оператор» аталатын батыр бар
Ол кім десең, кен орынның «құдайы».
Келіп жетсе резервуарға сұйықтық
Мамандар бар алатұғын ұйытып
Су мен газды бөліп алар мұнайдан
Келіп тұрған игілікке бұйыртып.
Газ жөнелер өңделуге заводқа
Теxнологтар салар алуан сарапқа
Бұл мамандық құдіретін білерсің
Білім алсаң ие болып Химик деген талантқа.
Бұл салада әр мамандық ең алғашқы санатта
Бірінші бұл, екінші деп санамаймын, санатпа.
Керек десең Аспазшы да маңызды
Күнделікті жауап берер пісірілген тамаққа.
Жарылады мерекеде бұл жүрек
Ағылады ақ ниетпен ақ тілек
Барша елдің бақытына сән берген
Мұнайымыз келе берсін көбірек.
Құтты болсын, Мұнайшы төл мерекең!
Аса берсін даңқың менен берекең!
Сен бар жерде бар болады «қара алтын»,
Сол алтынмен, бұйыртса болар Ел көркем!!!

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх