Төл мереке марапатқа толы болды

Төл мереке марапатқа толы болды
15.09.2016
366
Қызметкерлер

Төл мереке марапатқа толы болды

Тамыздың 29-ы күні «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Орталық аппаратында жиын өтіп, Компания бас директоры Құрманғазы Есқазиев қызметкерлерді Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен және мұнайшылардың төл мерекесімен құттықтап, еңбегімен еленген азаматтарға марапаттарды салтанатты жағдайда табыстады. 

Өндіріс және кен орындарын игеру жөніндегі басқарушы директор Қуанышбай Нұрғалиев Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен, Мұнай сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директор Айнұр Шаненова Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Құрмет грамотасымен, бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Дастан Абдулғафаров «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының Құрмет грамотасымен, Геология және кен орындарын игеру департаментінің аға инженері Шайзада Шалағұлова «KAZENERGY» Қауымдастығының медалімен, ал Әлеуметтік саясат және шаруашылық қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары Бекболат Бекбосынов «KAZENERGY» Қауымдастығының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Компанияның бірқатар қызметкері «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен марапатталды. Қаржы директоры-қаржылық бақылаушы Шейн Дрейдер, Қауіпсіздік техникасы, еңбек және қоршаған ортаны қорғау департаментінің жетекші инженері Еркебұлан Оспанов, Заң департаментінің аға заңгері Әсел Әубәкірова, Корпоративтік хатшы қызметінің аға талдаушысы Гүлнара Аяғанова, Қызметкерлерді басқару және еңбекақы төлеу департаментінің аға маманы Ардақ Нұрбаева ҚМГ БӨ  Құрмет грамотасымен, ал, Геология және кен орындарын игеру департаментінің жетекші инженері Ерлан Галиев, Геология және кен орындарын игеру департаментінің аға инженері Дамир Шырақбаев, Қазынашылық және корпоративтік қаржыландыру департаментінің аға талдаушысы Данияр Маханов, Мұнайсервистік жобалар бойынша департаменттің аға маманы Иван Коротков, Бюджеттік жоспарлау және экономикалық талдау департаментінің жетекші экономисі Азамат Асанов ҚМГ БӨ Алғыс хатымен марапатталды. 
Салтанатты жиын соңында «Мұнайшыларға алғыс» әнінің тұсаукесер рәсімі өтті.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх