Марапат мерей өсіреді

Марапат мерей өсіреді
15.09.2016
478
Қызметкерлер

Марапат мерей өсіреді

Тәуелсіз еліміздің экономикасының дамуына үлесі бар, қойнауы «қара алтынға» толы Ембі өңірінің мұнайшылары Қазақстанның мұнайгаз өнеркәсібі қызметкерлерінің кәсіби мерекесін биылғы жылы да зор абыроймен қарсы алды. «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директоры Құрманғазы Есқазиев және компания басшылығы мұнайшыларды төл мерекемен құттықтап, игі тілектерін білдірді. «Ембімұнайгаз» АҚ-да өткен арнайы шарада көптеген мұнайшы-мамандарға қошемет кұрмет көсетіліп, салтанатты жағдайда марапаттары табысталды. Атап айтсақ, «Мұнайгаз кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен «Жайықмұнайгаз» басқармасының №3 Жаңаталап кен орнының сорап қондырғысы цехының машинисі С.Бөлекбаев пен «Ембімұнайгаз» АҚ механика және транспорт депратаментінің директоры А.Ибраимов марапатталды. Аталған мамандар ұзақ жылдар бойына елеулі еңбек етіп келе жатыр. С.Балғымбаев кен орнының слесарь-жөндеушісі М.Шарапов пен «Қайнармұнайгаз» МГӨБ бас технологы А.Нұрбауов «Самұрық-Қазына» ӘАҚ» АҚ Құрмет грамотасымен марапатталды. Көптеген мұнайшылар «KAZENERGY» медалі, Құрмет грамотасы, Алғыс хаты, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ естелік белгісімен, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ-ның да марапаттарына ие болды. Олардың ішінде аға инженер-механик В.Калмыков, жерасты және күрделі жөндеу цех бастығының орынбасары Е.Тайшев, мұнайгаз өндіру операторы М.Сыдиқов, №3 Жаңаталап цех бастығының орынбасары Қ.Беркалиев, маркшейдер Х.Мангибаев, Ш.Мақат цех бастығы Х.Омаров, ұңғымаларды жерасты жөндеу операторы Ж.Жұмақұлов, т.б. бар. Мұндай шаралар әр мұнайгаз өндіру басқармаларында да өтіп, мамандар лайықты ұлықталды. Марапаттарды табыстаған «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директоры Құрманғазы Есқазиев мұнайшыларға еселі еңбегі үшін рахмет айтып, алғысын білдірді. Осылайша, төл мерекеде ембілік мұнайшылардың мерейі тасып, абыройы асқақтады.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх