«Өзенмұнайгаз» АҚ-ның өз газеті бар!

«Өзенмұнайгаз» АҚ-ның өз газеті бар!
15.09.2016
249
Жаңалықтар

«Өзенмұнайгаз» АҚ-ның өз газеті бар!

Мұнай-газ саласы тағы бір жаңа  корпоративтік басылыммен толықты. «Өзенмұнайгаз» АҚ  «Өзен» корпоративтік газетінің алғашқы номері жарыққа шықты. Мұнайшылар газеті өндірістік басқармалардың еңбек ұжымдарына таратылуда. «Ұжым бірлігін нығайтуда, өндірістік және әлеуметтік мәселелерді ашық талқылап отыруда, Компанияда атқарылып отырған жұмыстары мен шешімдерді мұнайшыларға жеткізуде корпоративтік газет негізгі құралдардың бірі болады. Қазіргі таңда «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның әлеуметтік желілерде парақшалары бар, «Қазақстан-Ақтау» арнасында «Өзенмұнайгаз тынысы» атты тележоба 3 жылдан бері эфирге шығып келеді. Осыған қоса, ақпарат айдынына «Өзен» газеті жарыққа шығып отыр. 52 жылдық тарихы бар іргелі кәсіпорында төл басылымның тұңғыш рет жарыққа шығуы – елеулі жаңалық», – дейді Жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры Әділ Сүйебай. Газет 2500 данамен айына 1 рет оқырмандарға жол тартады.
Әріптестеріміздің жаңа басылымды шығарудағы шығармашылық жұмыстарына сәттіліктер тілейміз!

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх