Фотобайқау жеңімпаздары анықталды

Фотобайқау жеңімпаздары анықталды
30.09.2016
1822
Еңбекті қорғау

Фотобайқау жеңімпаздары анықталды

Құрметті «Мұнайлы мекен» газетінің оқырмандары!

Сіздердің назарларыңызға еңбек қорғау және өндірістік қауіпсіздік тақырыбына арналған фотобайқау қорытындысын ұсынып отырмыз.
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Еңбек, қоршаған ортаны қорғау және бұрғылау жөніндегі басқарушы директоры Мәлік Сәлімгереевтің төрағалық етуімен өткен арнайы жұмыс тобының шешімі бойынша «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ Құлсарыдағы мұнай дайындау және айдау цехының инженер-химигі Рысбике Сәдуақасова жеңімпаз атанды. Ал, «Көрермен көзайымы» аталымы бойынша «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ Прорвадағы ұңғыларды жерасты жөндеу цехының 4-дәрежелі операторы Манас Байтаңатов әріптестерінен оқ бойы озып шықты. «Мұнайлы мекен» газетінің сайтында Манастың байқау қорытындысы бойынша жинаған дауыс саны – 9928 болды.

Әріптестеріңізге қолдау көрсеткендеріңіз үшін баршаңызға алғыс білдіреміз. Барлық техника қауіпсіздігі талаптарын сақтап еңбек етіп, жұмыста және отбасында қуаныш-жақсылықтарға жете беріңіздер!

Жеңімпаздарға планшет SAMSUNG Galaxy Tab A6 пен Freedom PocketBook Basic 2 электронды кітабы сыйға тарту етілді.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх