Теңіз мұнайшыларының I-ші Каспий форумы өтті

Теңіз мұнайшыларының I-ші Каспий форумы өтті
18.10.2016
238
Жаңалықтар

Теңіз мұнайшыларының I-ші Каспий форумы өтті

Қыркүйектің 22-24 күндері аралығында Кендірлі демалыс аймағында «Сәтпаев Оперейтинг» ЖШС ұйытқы болуымен Теңіз мұнайшыларының I-ші Каспий форумы болып өтті. Форумға ҚМГ ҰК өкілдері және теңізде жұмыс істеп жатқан операторлар, бұрғылау және сервистік компаниялар қатысты. Теңіз мұнайшылары серіктестерімен, теңізде жұмыс істейтін басқа да операторлармен саланың өзекті мәселелерін, жобаларын бірлесе талқылап, пікір алмасып, тәжірибе бөлісті. 

Басқосуда «Сәтпаев Оперейтинг» компаниясы STP-1 барлау скважинасындағы бұрғылау нәтижесі туралы, сондай-ақ 2017 жылы STPZ барлау скважинасын бұрғылауға дайындық жұмыстары туралы баяндады. «Н Оперейтинг Компани» ЖШС, «Жамбыл Петролеум» ЖШС, NCOC компаниялары жоба туралы жалпы ақпараттарды ортаға салды. 
Форумда сервистік компаниялар да баяндама жасады. Алқалы жиын қорытындысында экология бойынша Меморандумға қол қойылды. Қатысушылар келесі форумды 2017 жылы өткізу туралы уағдаласты.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх