«Қаражанбасмұнай» компаниясы жас мамандар форумын өткізді

«Қаражанбасмұнай» компаниясы жас мамандар форумын өткізді
28.10.2016
351
Жастар

«Қаражанбасмұнай» компаниясы жас мамандар форумын өткізді

Отандық мұнай өндірісінде жастардың алар орыны ерекше. Компания келешегі осы кейінгі буын – жастар. Соңғы жылдары «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ компаниялар тобына кіретін кәсіпорындарда Жас мамандар кеңесі құрылып, жастар қоғамдық-әлеуметтік, өндірістік шараларға белсенді атсалысып, өз үлестерін қосып келеді. Білімге, ғылымға, өндірістік жаңалықтарға құштар жастар қатары жылдан жылға көбеюде.

Мұнайшы жастардың өзара пікіралмасып, ғылыми жобалық ізденістерімен бөлісетін жыл сайынғы ҚМГ БӨ Жас мамандар кеңесі күні дәстүрлі өтіп келеді. Сонымен қатар, өңірлердегі еншілес компанияларда Жас мамандар кеңесі маңызды шараларды өткізіп, игі істердің бастамашысы болуда.
Қазан айының 25-26 күндері Ақтау қаласында «Қаражанбасмұнай» АҚ Жас мамандар кеңесінің құрылғанына 3 жыл толуына орай «Жас мамандардың Компания дамуындағы рөлі» атты форум болып өтті. Оған «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорындарының жас мамандары, сондай-ақ облыстың мемлекеттік органдар басшылары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Форумның мақсаты – жас мамандардың кәсіби және интеллектуалдық деңгейін арттыру, қатысушылардың қажетті  білім мен тәжірибе жинақтауына және өзіндік ой, жоспарларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ақпараттық-білімділік және пікірсайыс алаңымен қамтамасыз ету. 
Шараны «Қаражанбасмұнай» АҚ Президенті Есен Қайыржан құттықтау сөзімен ашып, жастарға ақ тілегін білдірді. Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиева, облыстық Кәсіподақтар орталығының төрағасы Қайрат Жанабеков, «Қаражанбасмұнай» АҚ жұмыскерлері Кәсіподағының төрағасы Төремұрат Көбен қатысушыларға жылы лебіздерін айтты. 
«Қаражанбасмұнай» АҚ Жас мамандар кеңесінің төрағасы Данияр Оралов ұйым жұмысы туралы және атқарған шаралары жайында баяндады. ҚБМ Жас мамандар кеңесін «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ Жас мамандар кеңесінің төрағасы С.Қайгельдинов және басқа да жұмысшы жастар көшбасшылары құттықтады. 
Форум барысында «Қаражанбасмұнай» АҚ Президенті Е.Қайыржан және облыстық Кәсіподақтар орталығының төрағасы Қ.Жанабеков белсенді жастарға алғыс айтты.  
Жастардың алқалы басқосуы аясында Компания Президенті Е.Қайыржан мен облыстық мәслихат депутаты А.Өрісбаевтың қатысуымен TED TALKS интеллектуалдық конференциясы болды.  
Сонымен қатар, жиын барысында «Өз компанияңды қалыптастыр» тимбилдингі мен пейнтбол ойындары өтті.

 

 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх