Партия жұмысына оң баға берілді

Партия жұмысына оң баға берілді
28.10.2016
331
Жаңалықтар

Партия жұмысына оң баға берілді

«Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық филиалы, «Ембімұнайгаз» АҚ бастауыш партия ұйымының есептік-сайлау жиналысы өтті. Күн тәртібінде «Ембімұнайгаз» АҚ бастауыш партия ұйымының 2015-2016 жылдарда атқарған жұмыстарының есебі, «Ембімұнайгаз» АҚ бастауыш партия ұйымының төрағасын, Бюро мүшелерін, бастауыш партия ұйымы төрағасының орынбасары мен жауапты хатшысын, «Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық филиалының есептік-сайлау конференциясына делегаттар сайлау мәселесі қаралды. Жиынға «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Ожаев қатысты.

Жиналысты жүргізген «Ембімұнайгаз» АҚ бастауыш партия ұйымының төрағасы А.Ғабдуллиннің айтуынша, ұжымда бүгінгі күні 167 партия мүшесі бар. 2015-2016 жылдары партия жастарды қолдау, жағдайы төмен отбасыларына, нөсер жауыннан зардап шеккендерге көмектесу, науқасы ауыр мұқтаж жандарға қолғабыс ету, жалпы әлеуметтік бағытта көптеген жұмыстар атқарды, олар әлі де жалғасып келеді. Сөз кезегін алған «Ембімұнайгаз» АҚ бастауыш партия ұйымының мүшелері Т.Айтбаев пен М.Бексейтов баяндамаға оң баға бере отырып, «жастарды колдау» мәселесін қозғады. 
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Атырау қалалық партия филиалы Саяси кеңесінің мүшесі Н.Ожаев «Ембімұнайгаз» АҚ бастауыш партия ұйымының атқарған жұмыстарына оң баға беріп, белсенді бастауыш партия ұйымының бірі екендігін айтып, төрағалығына Айболат Ғабдуллиннің кандидатурасын ұсынды. Партия мүшелерінің қолдауымен «Ембімұнайгаз» АҚ бастауыш партия ұйымының төрағалығына А.Ғабдуллин (ол сондай-ақ Атырау қалалық филиалының есептік-сайлау конференциясының делегаттығына ұсынылды), орынбасары болып А.Балабаев, жауапты хатшылыққа Қ.Тулеушов сайланды. Күн тәртібіндегі барлық мәселелер өз ретімен қаралып, дауысқа салу арқылы мақұлданды.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх