Мұнай тербелмесі – Атырау қаласының жаңа символы

Мұнай тербелмесі –  Атырау қаласының жаңа символы
28.10.2016
417
Әлеумет

Мұнай тербелмесі – Атырау қаласының жаңа символы

Қазақ мұнайының қара шаңырағы саналатын Атырау өлкесінде қала күнінің 376 жылдығына орай мұнай өндіру қондырғысының белгісі – тербелме-станок орнатылды. Мұнай өндіру саласының символы қала ортасындағы орталық көпірден еуропалық бөлікке түсе берісте шағын жасыл аралда орын алды. Қала сәулетіне сән беретін мұнай тербелмесінің ашылу салтанатына ардагер мұнайшылар, қала жұртшылығы қатысты. 

– Ғасырдан астам тарихы бар қазақ мұнайының игерілуі, оның ел игілігіне жаратылуы – тәуелсіздігіміздің жемісі. Қиын да күрделі саланың ескерткіші болсын деген ниетпен орнатылған архитектуралық нысан мұнайшылардың еліміздің дамуына қосқан үлесінің көрінісі деп білеміз. Мұнайлы астана дегенімізбен, қалада мұнай өндіруге қатысты бірде-бір ескерткіш жоқ. Сондықтан, осындай шешім қабылданды. Біз «Ембімұнайгаз» АҚ-на жүгіндік. Компания бізді қолдап, қолданыстан шыққан өз тербелмелерінің бірін тарту етіп, оны өздері орнатып берді. Ескерткіш қозғалыста болады – тербелме механикалық тартпа көмегімен әдеттегі тербелме жұмысын көрсетеді. Тербелме тәулігіне 24 сағат «жұмыс істейді», түнде құрылымға жарық түсіп тұрады, – дейді қала әкімі Серік Шапкенов. Бұл өндіріс есебінен шығарылған СК-5 сериясының шынайы тербелме-станогы. Станоктың биіктігі – 4 метр, жүк көтергіштігі – 5 тонна.

 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх