Жұмысы бардың – ырысы бар

Жұмысы бардың – ырысы бар
28.10.2016
583
Қызметкерлер

Жұмысы бардың – ырысы бар

Рақым Қомбаев, «Өзенмұнайгаз» АҚ, № 3 СҚКБ жүргізушісі:

– «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы, №3 Скважиналарға қызмет көрсету басқармасында жүргізуші болып қызмет атқарып жүргеніме 22 жылдың жүзі болыпты. Техникам жаңа. Камаз АЗА-3 деп аталатын темір тұлпарым 2012 жылы шыққан. Техника ескі болса, жаныңды жейді ғой.
Мұнай саласында жұмыс жасайтыныма Аллаға мың да бір шүкіршілік етемін. Адамға ынсап керек. Қазақта «ынсап сайын береке» деген тәмсіл бар. Компания бізді сапалы арнайы киіммен қамтамасыз етеді. Асханалардағы ас мәзірі көңілді қуантады. Еңбек демалысында жолдама алуымызға болады. Мұнайшыға бұдан басқа қандай жағдай керек. Барды бағалай білу ләзім. «Жұмысы бардың – ырысы бар», – деген осы!

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх