Үздік мамандар – «Қазгермұнай» мақтанышы!

Үздік мамандар – «Қазгермұнай» мақтанышы!
28.10.2016
387
Қызметкерлер

Үздік мамандар – «Қазгермұнай» мақтанышы!

Биылғы жылы Маңғыстау және Атырау облыстарындағы өндіріс орындарында өткен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «Үздік маман-2016» кәсіби шеберлік байқауының ақтық кезеңінде «Қазгермұнай» БК» ЖШС мұнайшылары бірқатар жүлделі орындарды иеленген болатын. Ақтық сында «Қазгермұнай» БК» ЖШС 10 маманы өзге әріптестерімен бірге өз біліктіліктерін сарапқа салды.

Сөз жоқ, сайыстың жөні бөлек. Сондықтан да әрбір маман жекелей де, топтық түрде де өздеріне берілген тапсырманы тыңғылықты орындауға тырысты. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» дегендей, нәтижесінде «Қазгермұнай»БК»ЖШС қабат қысымын сақтау операторы Түгел Мұқатов, техникалық жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету бойынша слесарь Бауыржан Абубакиров, ӨБҚжА слесарі Павел Метиков, токарь Сарадин Жылыбаев 2-орындарға қол жеткізсе, ұңғымаларды зерттеу операторы Сергей Рассоленко, тауар операторы Бақытжан Нұрадинов, химиялық сараптама лаборанты Ирина Сириченко, газ-электр дәнекерлеуші Темірхан Әубәкіров 3-орынды иеленді. Мұнай және газды өндіру операторы А.Оразбек пен электромонтер Е.Жарасбаев та ұжымның ортақ абыройы жолында аянып қалмады. 

Сергей Рассоленко Оңтүстік Қазақстан облысында  дүниеге келген, Тәуелсіздік төл құрдасы десек те артық емес. «Қазгермұнай» компаниясында 2012 жылдан бастап, мұнай және газ өндіру операторы болып еңбек етеді. Компания арасында өткізілген «Үздік маман» байқауынан екі жыл қатарынан жеңімпаз атанып, «Үздік маман-2016» мұнайшылар байқауына жолдаманы жеңіп алған болатын. Ол бұл сынақтан да сәтті өтті. «Ұңғымаларды зерттеу бойынша үздік операторы» аталымы бойынша 3-орын иегері атанды. 
– Мен тіпті ауыр жұмыс күнінен кейін де спорт алаңында жаттығуды өте пайдалы деп санаймын.Уақытты осылай пайдалы өткізгеннен кейінгі күні өзіңді ширақ және сергек сезінесің, – дейді ол.

Түгел Мұқатов, қабат қысымын сақтау операторы. Компанияда 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. ҚШСС машинисі болып жұмысқа қабылданған. 
– Кен орнындағы жұмыстың бір ерекшелігі сол, бұл өндірістегі және аумақтағы мінсіз тәртіп.Біздің компанияда техникалық қауіпсіздік пен біліктілікті жоғарылату мәселесіне баса  назар аударылады. Жылдар өткенмен бұл қағида өзгермейді, – дейді ол.  

Павел Метиков, бақылау-өлшеу құралдары және автоматтандыру слесарі. «Үздік маман» байқауы білім сапасын жоғарылатуға, жаңа дағдыларды меңгеріп, жаңа кәсіби биіктерге  көтерілуге ықпал етеді», – дейді Павел. Ол осы байқауға бірнеше рет қатысып, жүлделі орындарға ие болған. 2013 жылы бірінші орын алса, 2014-2015 жылдары екінші орынды иеленген.  
«Үздік маман» төс белгісімен марапатталып, бағалы сыйлықтар және ақшалай сыйақы алды. 
Ең бастысы, осындай дода бір салада еңбек ететін әріптестердің бір-бірімен тәжірибе алмасуына, жақсысын үйренуіне, біліктілігін арттырып, шеберлігін шыңдауына, түптеп келгенде, салалас еңбек ұжымдарының арасында тығыз байланыс орнатылуына, сол арқылы білімі мен білігі молайып, мамандығына құрметпен қарауға септігін тигізері анық.

 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх