Ардагер мұнайшыларды құрметті демалысқа шығарып салды

Ардагер мұнайшыларды құрметті демалысқа шығарып салды
11.11.2016
421
Әлеумет

Ардагер мұнайшыларды құрметті демалысқа шығарып салды

«Өзенмұнайгаз» АҚ мұнай саласына зор үлес қосып, ғұмырын өндіріске арнаған ардагер жұмысшыларды зейнеткерлік демалысқа салтанатты жағдайда шығарып салды. Ұзақ жылдар бойы өндірісте жұмыс істеген бір топ маман қошемет-құрмет төрінен орын алды. Өндірісте еңбек етудің жауапкершілігі аса жоғары. Өндірістің ыстығы мен суығына төзіп, қажырлы еңбектерімен саланың дамуына сүбелі үлестерін қосқан қызметкерлерге Қоғам тарапынан айрықша құрмет көрсетіліп, зейнет демалысына орай мерекелік шара ұйымдастырылды.  

Тұтас ғұмырын табан аудармастан мұнай өндірісіне арнаған жандарды «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Дәулетжан Хасанов, Кәсіподақ төрағасы Наурыз Сақтағанов, Бас директордың транспорт жөніндегі орынбасары Айтқали Бәшенов, Әлеуметтік сұрақтар бойынша басқарушы директор Марат Себасов құттықтап, Қоғам атынан арнайы алғыс хаттар мен естелік сыйлықтарды табыстады.
Шара барысында Компания басшысы Д.Хасанов жыл басынан бері атқарылған жұмыстар және стратегиялық жобалар туралы қысқаша айта келіп, өндіріс көлемінің жыл сайын арттыра түсуге күш салатындығын жеткізді. «Жыл сайын мұнай өндіру көлемі артып келеді. Биыл сегіз айда біз жоспарлаған межелі көлемді толық игермегенімізбен, былтырғы жылғы көрсеткіштен жоғары деңгейде мұнай өндіріп отырмыз. Алдағы уақытта да жұмыс бәсеңдемей, жалғаса береді. Сондай-ақ, зейнетке шыққан ардагер мұнайшыларымызды құттықтаймыз. Олардың ерен еңбегі қашан да үлгі», – деді Д.Хасанов.
Зейнеткерлердің құрметіне орай Н.Мұрынов, Д.Ізбасарова, Ж.Нұрмұқанова сынды өнерпаздар әннен шашу шашып, жиналған жұртқа мерекелік көңіл-күй сыйлады.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх