Ауқымды жұмыстар атқарылуда

Ауқымды жұмыстар атқарылуда
11.11.2016
430
Әлеумет

Ауқымды жұмыстар атқарылуда

Биылғы жылы да күрделі құрылыс департаменті біршама ауқымды жұмыстар атқарды. Атап айтатын болсақ, Жерасты жабдықтарын жөндеу және диагностикалау цехында тереңдік сорап құбырларын жууға арналған 4 ванна салынып кеңейтіліп жатыр. Компания үшін аса маңызды құрылысты «SM TRADE Construction» ЖШС салуда. Бұл нысан 2017 жылдың І тоқсанында тапсырылады деп жоспарланып отыр. Қазірдің өзінде құрылыстың 90 пайызы бітті. 

Бой көтерген жаңа нысанның мұнай өнімділігін арттыруда тигізер әсері қандай деген сауалға жауап іздеп көрейік. Біріншіден, цех 4 бірдей ваннамен толықтырылу арқылы толыққанды жұмыс жасай бастайтын болады. Екіншіден, №1,3 Мұнай-газ өндіру басқармаларындағы қауіпсіздік талабына сай келмейтін ескі ванналар жабылып, қызметкерлер қауіпсіз жерде жұмыс жасайды. Үшіншіден, ескі вагондарда отырған қызметкерлер, жаңа ваннаға ауысу арқылы 75 орындық заманауи үлгідегі тұрмыстық-шаруашылық кешенге ие болады.100 пайыз мүмкіндігімен іске қосылған нысан құбырларды сапалы жөндейтіндігіне еш күмән жоқ.
2016 жылдың жоспарына сәйкес кенорындағы 100 мұнай скважиналары бұрғылаудан соң жайғастырылды.  Сонымен қатар, жоспардан тыс жылдың аяғына дейін қосымша 78 мұнай скважинасы бұрғылаудан соң жайғастырылмақ. Қылышын сүйретіп келіп қалған қысқа дайындық ретінде өндірістегі 90 шақырымға созылып жатқан ескірген мұнай және су құбырларының 70 шақырымы жаңа құбырға ауыстырылды. Енді қалған 25 шақырым құбыр ауыстырылатын болса, бұл мәселе де түбегейлі шешіледі. Өзен кенорнының 44 шақырымын алып жатқан Жетібай-Қарамандыбас-Жаңаөзен бағытындағы облыстық маңызға ие жолдың алдыңғы жылы 10 шақырымы, биылғы жылы 10 шақырымы жөндеуден өткізілді. Келесі жылы да осы жолдың тағы 10 шақырымы жаңартылады деп жоспарлануда.
Жұмыскерлердің тиімді демалуы үшін қызмет сапасын жоғарылату мақсатында «KMG EP-Catering» ЖШС қызметкерлерінің жайлы тұрмысына арналған 44 орындық жатақхана салынып берілді. Бұған қосымша, 10 жастар коттеджі күрделі жөндеуден өткізіліп, 100 орындық жатақхана мен 50 орындық асхана құрылысы да сенімді мердігер мекеме «Кен-Құрылыс-Сервис» ЖШС күшімен жыл аяғында тапсырылады деп жоспарлануда. Тағы бір жағымды жаңалық, Алла қаласа жаңа жылды МӨҚжТКЖБ ұжымы кешенді түрде салынған қазіргі заман талабына сай керемет нысанда қарсы алатын болады. Мекеме қызметкерлерінің бұл қуанышына біз де ортақпыз. Басқарманың шашырап жатқан цехтарының бір жерге шоғырлануы – еңбек өнімділігіне анағұрлым оң ықпал етеді деген сенімдеміз. Компания тарихында токарьлар алғашқы рет қазіргі заманға лайық, барынша жетілдірілген станоктарда жұмыс жасау мүмкіндігіне ие болып отыр.

Бейсен Ратов, «Өзенмұнайгаз» АҚ, Күрделі құрылыс жөніндегі басқарушы директор

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх