Бейнероликтер үнемі назарда

Бейнероликтер үнемі назарда
11.11.2016
373
Еңбекті қорғау

Бейнероликтер үнемі назарда

Еңбек қауіпсіздігін сақтау бағытында «Ембімұнайгаз» АҚ бойынша еңбек қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздікті сақтау шаралары талапқа сай жүргізіліп келеді. 2015 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-да енгізілген «10 алтын ереже» барлық құрылымдық бөлімшелерде таныстырылып, сол бойынша арнайы сабақтар, оқулар өтті. 

Нәтижесінде жұмысшылардың қауіпсіздікке деген көзқарасы жақсарды, талапшылдық, сын көзімен қарау басымдық алды. Тиімді жақтары көп болып, ол бағытта жұмыстар жалғасуда. Арнайы сабақтармен қатар, аусымалды нұсқама да өтеді. Ол үшін арнайы жабдықталған оқу сыныптары жан-жақты жабдықталып, түрлі суреттер, плакат, әдістемелік көрнекі құралдар ілінген. Сонымен қатар, барлық құрылымдық бөлімшелерде еңбек қауіпсіздігі бойынша бейнетүсірілімдер үнемі көрсетіледі. Өткен жылы «Ембімұнайгаз» АҚ-ның нақты өндіріс нысандарында алғашқы медициналық көмектен бастап, өрт және эвакуация кезіндегі қызметкерлер әрекеті, жүк көтеру жұмыстары, от және дәнекерлеу жұмыстары кезіндегі қауіпсіз жұмыс әдісі, ірі көлемдегі жүктерді тасымалдаудағы қауіпсіз көлік жүргізу, т.б. көптеген тақырыптарда бейнетүсірілімдер түсіріліп, олар жұмысшыларға үнемі көрсетіліп отырылды. 
Ал биыл еңбек қорғау және қауіпсіздік бойынша 17 тақырыпта бейнероликтер түсірілді. «Оның ішінде өндірістік жарақат пен жазатайым оқиғаның алдын алу, резервуарларға, май қыздыру пештеріне, су ысыту қазандарына қызмет көрсету, электр құралдармен жұмыс, апатты электр энергиясын сөндіру, жермен жұмыс т.б. бойынша қауіпсіздікті сақтау шаралары бар. Ол бейнероликтер түсіріліп қана қоймай, үнемі телеэкраннан көрсетіліп отырады. Мысалы, «Ембімұнайгаз» АҚ бас кеңсесіне кіре берісте осындай экраннан күні бойына бейнетүсірілімдер үздіксіз қайталап көрсетіледі. Сол секілді барлық асханаларда жұмысшылардың үнемі назарында болу үшін де телеэкраннан бейнероликтер көрсетіліп отырады», – дейді еңбек қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің аға инженері Аманжан Айдарбаев.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх