Мәскеуде мұнайшыларымыз 2-ші орынды иеленді

Мәскеуде мұнайшыларымыз 2-ші орынды иеленді
11.11.2016
533
Қызметкерлер

Мәскеуде мұнайшыларымыз 2-ші орынды иеленді

29 қазан күні Мәскеу қаласындағы «Спартак» футбол манежінде футболдан жыл сайынғы турнир өтті. Сайыс отын-энергетика саласындағы компаниялардың ең мықты деген командаларын жинады. Оған Қазақстаннан «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ футбол командасы да қатысып, шебер ойын көрсетті. Мәскеуге мұнайшылар футбол командасын «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ Әлеуметтік саясат және шаруашылық қамтамасыз ету департаметінің директоры Б.Иманғалиев бастап барды. 

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ құрама командасында орталық аппарат және еншілес кәсіпорындардың қызметкерлері болды. Команды құрамын атап айтсақ, олар: «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ орталық аппараты қызметкерлері Қайрат Рамазанов, Марат Елеусінов, «Ембімұнайгаз» АҚ мұнайшылары Ерболат Сұлтанғалиев, Батырбек Жүнісов, Жалғас Шуақбаев, «Өзенмұнайгаз» АҚ мұнайшылары Нұрлан Тұрымбаев, Ричард Есебаев, «Қазгермұнай» БК» ЖШС мұнайшылары Нұрлан Дайрабаев, Асқар Бекенов, Еркебұлан Батпанов және «Қаражанбасмұнай» АҚ қызметкері Жандос Махамбетовтер ойын барысында шеберліктерін аямады. Ал, «Қазгермұнай» БК» ЖШС қызметкері Асқар Бекенов турнирде «Үздік қорғаушы» деп танылды. Сайыс нәтижесінде «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ футбол командасы мықты ойын көрсетіп, барлық командалар ішінде тек «Газпромнефть» командасынан сәл кем түсті. Ақырында, жүлделі 2-ші орынды иеленді. Жалпы спортта «туған қабырға да көмектеседі» деген ұғым бар. Соған қарамастан, біздің мұнайшыларымыздың Мәскеудің қақ төріндегі сайыста мықты деген футбол командаларын тұқыртып, екінші орынды иеленуі айтарлықтай жеңіс деп білеміз. Жарайсыздар, мұнайшылар!

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх