Алғыс айтамыз!

Алғыс айтамыз!
11.11.2016
449
Әлеумет

Алғыс айтамыз!

«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы, Мұнай өнеркәсібі қондырғылары және технологиялық коммуникацияларды жөндеу басқармасының қызметкері, баламыз Қайрат Көптілеев слесарь-жөндеуші болып жұмыс жасап жүрген болатын. 
Күтпеген жерден 25-тегі тепсе темір үзетін жас жігіт қатты сырқаттанып, дәрігерлер оған тез арада операция жасатуға кеңес берді. Операцияның қаншалықты қымбат тұратынын сіз бен біз жақсы білеміз. Алайда, жанашыр жандардың көмек қолдау көрсетуі басына іс түскен сырқат бауырымызға демеу болды.
Жанашырлықты сөзбен ғана емес, іспен дәлелдеп қаржылай көмектескен аталмыш басқарма ұжымына айтар алғысымыз шексіз. Қайырымдылық шарасын ұйымдастыруға ұйытқы болған Мұнай өнеркәсібі қондырғылары және технологиялық коммуникацияларды жөндеу басқармасының директоры Нұрлан Кошкумбаев пен кәсіподақ төрағасы Мұқтар Есенмұратовты ерекше атап өткіміз келіп отыр. Қайырымдылық бар жерде береке бар екен. Ініміз Мәскеуге барып, ота жасатып қайтты. Аллаға шүкір, ота өте сәтті өтті. Қазір үйде. Денсаулығы күн өткен сайын түзеліп келеді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) «Адамдардың жақсысы-өзгелерге пайдасын тигізгендер» деген. Қазақтың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы «Жұрттың көбіне ақыл берілгенімен, жүрек бәріне бірдей берілмеген»-деген екен. Дүниеде мейірімді жандар жоқ болса, тіршілік әлдеқашан тоқтаған болар еді...
Ауырып, өшуге айналған ініміздің бойындағы үміт отын жаққан асыл азаматтарға, қайырымды жандарға, отбастарына Алланың нұры жаусын! 

Көптілеевтер әулеті және жанұясы

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх