Басшы мұнайшы жастармен кездесті

Басшы мұнайшы жастармен кездесті
24.11.2016
307
Жастар

Басшы мұнайшы жастармен кездесті

«Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Дәулетжан Хасанов компанияның Жас мамандар кеңесімен кездесу өткізді. Қоғамда жұмыс істейтін мұнайшы жастармен басқосуда кеңестің жыл басынан бері атқарған жұмыстары мен жетістіктері туралы сөз болды. Д.Хасанов жас мамандар кеңесінің жұмысына оң баға беріп, жастардың айтар ұсынысы мен пікірлерін басшылық әрдайым ескеріп отыратындығын тілге тиек етті. 
Кездесу барысында жастар жағынан ғылыми бағытта жұмыс істеп жүрген мамандардың жаңалығын өндірісте сынақ  ретінде қолдану туралы, топтық қондырғылар арасында қатынауға велосипед алу секілді ұсыныстар айтылды. Бұдан бөлек, құбырларды ауыстыру, асхана, т.б. жайттарға қатысты өздерінің ой-пікірлерін білдірді. Сонымен қатар, компанияның Әлеуметтік сұрақтар жөніндегі басқарушы директоры М.Себасов жас мамандар шараларына қолдау көрсетілетіндігін жеткізді.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх