Қаражанбас кен орнында зияткерлік ойыны өтті

Қаражанбас кен орнында зияткерлік ойыны өтті
24.11.2016
224
Жастар

Қаражанбас кен орнында зияткерлік ойыны өтті

Қарашаның 20-ы күні Қаражанбас кен орнының Мәдени-демалыс орталығында «Қаражанбас» Компаниялар тобы жастарының арасында «Алтын қақпа» зияткерлік ойыны өтті. 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған білімпаздар сайысының мақсаты – ұлтымыздың мәдениеті, салт-дәстүрі мен тарихын насихаттау. Оған «Қаражанбасмұнай» АҚ, «ТұлпарМұнайСервис» ЖШС, «Технологиялық көлікті басқару және ұңғыларға қызмет көрсету» ЖШС (ТКБжҰҚК) және «Қаражанбасмұнай» АҚ Жас мамандар кеңесінің командалары қатысты. 
Зияткерлік ойынын Жас мамандар кеңесінің мүшелері Жанар Нұржанова мен Абзал Ешекенов жүргізді. Сайыстың барысын қатысушы командалардың өкілдерінен тұратын қазылар алқасы бақылады. Ақтық ойында «ТКБжҰҚК» ЖШС-і «ҚБМ» АҚ командасын жеңіп, Ауыспалы Кубоққа ие болды. Жеңімпаздарға сыйлықты «ҚБМ» АҚ Жылу, сумен қамту цехының басшысы Қайрат Шыңғысов табыс етті.
 

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх