Ардагер мұнайшылар зейнетке шықты

Ардагер мұнайшылар зейнетке шықты
24.11.2016
500
Әлеумет

Ардагер мұнайшылар зейнетке шықты

«Өзенмұнайгаз» АҚ қараша айында ардагер мұнайшылардың екінші легін зейнет демалысына қошеметпен шығарып салды.

Ұзақ жылдар бойы өндірісте жұмыс істеген бір топ жұмысшыларға айрықша құрмет көрсетіліп, Қоғам ұжымы атынан алғыс айтылды. Өндіріске елеулі еңбек сіңірген мұнайшыларды «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Д.Хасанов, Кәсіподақ комитетінің төрағасы Н.Сақтағанов, бас директордың транспорт жөніндегі орынбасары А.Бәшенов құттықтап, компания басшысының арнайы алғыс хаты мен сый-сыяпатын табыстады. Өз кезегінде Дәулетжан Хасанов ардагерлерге алғыс айтып, олардың Қоғамға сіңірген еңбегі мен қосқан өлшеусіз үлесі жастарға қашанда үлгі болатынын жеткізді. 
Мұнайшылар атынан Қоғам тарапына ақжарма тілек білдірген ардагерлердің құрметіне жергілікті өнерпаздар әсем әндерін арнады.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх