Жаттығу шарасын өткізді

Жаттығу шарасын өткізді
24.11.2016
324
Еңбекті қорғау

Жаттығу шарасын өткізді

Төтенше жағдайлар саласында бiлімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, хабардар ету ережесiн бекiту туралы  ел Үкіметінің қаулысы бойынша Жаңаөзен қаласында төтенше жағдайға арналған оқу командалық штабтық оқу-жаттығу жиыны өтті. Ол өндірістік-техникалық қамту және жабдықтармен жинақтау басқармасынының алдындағы алаңда «Қыс-2016» деген атаумен ұйымдастырылды. Шараны өткізудегі басты мақсат – төтенше жағдай орын алғанда арнайы бекітілген техникалардың сақадай сай болуы және оған мамандарды дер кезінде жұмылдыру болып отыр. Жылына екі мәрте өтетін жаттығу жиындарында қала әкімінің орынбасары Серік Қалдықұл пен Төтенше жағдайлар бөлімінің маманы Ирина Ищенко қатысып, «Өзенмұнайгаз» АҚ Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің маманы Асхат Бердімұратов техникалардың ахуалы мен мүмкіндігі туралы баяндады. 
«Қыс-2016» командалық штабтық оқу-жаттығу жиыны кезінде «Өзенмұнайгаз» АҚ тарапынан арнайы техникалар да бекітілді.  
Өзенмұнайгаздық қызметкерлер қатарында  «ӨМГ» АҚ ЕҚжӨҚД-нің маманы  А.Бердімұратов, «ӨМГ» АҚ ТД-нің инженері  Ж.Ақмолдаев, ТТБ-ның Жол қауіпсіздік қозғалысының инженері Н.Қарамұрзаев, ХжЭБ-ның ЕҚжТҚ инженері Б.Қалманов, №3 СҚКБ-ның бас техникалық жетекшісі Ж.Давишев, №5 СҚКБ-ның ЕҚжТҚ инженері А.Шахсайдов, ӨЭМБ-ның ЕҚжТҚ инженері М.Қаржаубаев сынды мамандар оқу-жаттығу жиынына қатысты. Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары С.Қалдықұл, қалалық Төтенше жағдайлар маманы И.Ищенко мен қалалық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Н.Сәттіков сап құрамына қатысқан барлық мекемелерден келген арнайы техника мен қызметкердің оның құрал-саймандарын тексеріп шықты. «Өзенмұнайгаз» АҚ қатысқан қызметкерлермен арнайы техникалар шұғыл қимылдайтын отряды бойынша дайын екені белгілі болды.

”ҚазМұнайГаз” БӨ“ АҚ ресми сайты және еншілес компаниялары

верх